Инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті

IMG 6208 mini

2019 жылдың 12 сәуірінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы арасында инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, мамандар даярлаудағы сапаны арттырудың жаңа жолдарын іздеу, ПОҚ жинақтаған тәжірибені көрсету және оқытудың тиімділігін арттыру мен кафедра ұжымының жұмысын ынталандыру, жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудың инновациялық технологияларын оқу сабақтарында қолдана отырып, оқытушыларды сапалы кәсіби қызметке бейімдеу болып табылады.

Байқаудың негізгі міндеттері: БҚМУ-дағы инновациялық қызметті дамыту, ПОҚ-тың белсенділігін арттыруға жәрдемдесу, БҚМУ-дағы инновациялық-білім беру үрдісін жетілдіру және дамытудың ақпараттық технологияларын пайдаланып, білім қорын қалыптастыру деп белгіленді.

Байқаудың бірінші кезеңі профессор-оқытушылар құрамы арасында факультетте өткізілді, үздік жұмыстар университеттің қорытынды кезеңіне ұсынылды.

Конкурстың қорытынды кезеңінде ұсынылған жобалар 5 негізгі критерий бойынша бағаланды:

1. жобаның нақтылығы, ғылыми жаңашылдығы;

2. жобаның мақсат-міндетінің шынайылығы;

3. инновациялық өнімнің - жоба қорытындысының нақтылығы мен дәлдігін анықтау;

4. ұсынылған оқытудың инновациялық технологиясының әдістемелік қамтамасыз етілуінің сапасы;

5. жаңартылған білім мазмұны аясында оқытудың инновациялық технологияларын оқу сабақтарында қолдана алуы.

Қорытынды кезеңге университеттің профессор-оқытушылар құрамының 10 жобасы ұсынылды.

Комиссия мүшесінің құрамындағы тәжірибелі оқытушы-мамандар 5 негізгі критерий бойынша ең көп балл алған 5 үздік жобаны анықтады.

1. А.С.Қыдыршаев - п.ғ.д., профессор, «Рухани жаңғыру» институтының директоры. «Студенттерді шешен сөйлеу мәдениетіне баулу технологиясы» («Кестелі шешендіктану» негізінде).

2. С.Б.Калаханова - педагогика факультеті, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр. «Google Forms онлайн-сервисін оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың тиімділігі».

3. Б.М.Кусаинова - жаратылыстану-география факультеті, химия кафедрасының оқытушысы. «Мұнай өнімдерін гидротазалау».

4. Б.С.Имангалиева, А.О.Губашева - физика-математика факультеті, физика кафедрасының аға оқытушысы мен оқытушы-магистрі. «Студенттерге астрономиялық білімді дуалды оқыту жүйесі негізінде меңгертудің әдістемелік жолдары».

5. С.Т.Сарманбеков - мәдениет және өнер факультеті, бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушысы, шеберхана меңгерушісі. «Дизайн ювелирных изделий в национальном стиле».

Байқаудың қорытынды кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар тапсырылды, сондай-ақ үздік жобалардың авторлары ректорат тарапынан марапаттауға ұсынылды.

Конкурсқа қатысушылардың жұмыстары "Озық педагогикалық тәжірибе мектебі" ғылыми-әдістемелік жинағында жарияланатын болады.

 


IMG 6211 mini

IMG 6220 mini

IMG 6242 mini 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua