М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде семинар өткізілді

sem2

2018 жылдың 29 қарашасында университеттің бөлім басшылары үшін оқыту семинары өтті.

Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:

1. Жаңа нормативтік құқықтық актілерді енгізу және ҚР БҒМ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

- Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидалары;

- Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары;

- Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандар өткізілетін білім бағдарламалары топтарының тізімі;

- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидалары;

- Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары;

2. Білім беру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар. 

Семинардың мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы заңнаманың жаңа нормалары  контексінде ЖОО академиялық және басқарушы қызметкерлерінің әлеуетін көтеру болып табылады.

Университет құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысқан семинарда  «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту: тәжірибе және перспективалар» , «Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру», 

«Оқу және өзін-өзі басқарудың тәуелсіздігін кеңейту контекстінде университеттердің білім беру қызметі», сонымен қатар  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың жол картасын және мұғалімдерді оқытуды жетілдірудің көрсеткіштері қарастырылды.

Семинар модераторы, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор А.С.Тасмағамбетов НҚА-ге (нормативтік құқықтық актілер) енген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, оқу үрдісін ұйымдастыру мен өткізуді басшылыққа ала отырып жалғастыру қажеттігін атады.

Семинардың спикерлері академиялық қызмет департаментінің директоры Г.С.Қайсагалиева және «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Г.С.Абуғалиева білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізудің алғышарттары мен перспективаларын айқындап, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы ұсынған жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес енгізілген өзгерістерді таныстырды. 

sem3sem1

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua