М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жалпы білім беру мектептерінен тәжірибеден өтетін жоғары оқу орны оқытушыларына арналған, жаңартылған білім мазмұны аясында «Балалар әлемі» атты біліктілікті арттыру курстары өткізіліп жатыр.

2 mini

2018 жылдың 17 -ші және 19-шы қазанында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті бойынша қараша-желтоқсан айларында жалпы білім беру мектептерінен тәжірибеден өтетін жоғары оқу орны оқытушыларына арналған, жаңартылған білім мазмұны аясында «Балалар әлемі» атты бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру мақсатында семинар-тренинг өткізілді. Семинарға қараша-желтоқсан айларында жалпы білім беру мектептерінен тәжірибеден өтетін оқытушылар және АҚД директоры Г.С.Қайсағалиева қатысты. Семинарды педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Исмагулова Ж.С, Абдраимова, Э.К, Хабиева Д.Г, Абугалиева Г.С өткізді.
Семинар-тренингтің мақсаты мен міндеті – оқытушыларға жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру, педагогикалық тәжірибені жетілдіру, педагогтардың практикалық дағдыларын қалыптастыру және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Алғашқы секцияда жаңартылған білім мазмұны негізінде білім беру міндеттерін шешуге бағытталған оқытудың технологиялары мен тәсілдерін қолданудың тәжірибесі ұсынылды.

Екінші секция жұмысы оқу процесінде оқушылардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тәсілдері мен педагогикалық міндеттерін талқылауға негізделді. Оқушылардың танымдық қызметін белсендіру, шығармашылық қабілетті дамытудағы мақсатты бағыттары сарапқа салынды.

Семинар-тренинг пікірталастық, ойындық, тренинг-әдістерді, сыни ойлаудың (Блум токсономиясы, концептуальдық кестелер, кластерлер) мысалдарын пайдалана отырып постерлер таныстырылды. Семинарға қатысушылардың бәрі де белсенді жұмыс істелгенін, өз жұмыстарымен қанағаттанғандарын, семинар-тренингттің қызықты және пайдалы болғанын, өз тәжірибелерінде бұл әдістерді қолданатындарын бірауыздан атап өтті.

3 mini

4 mini

5 mini

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua