М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі «Мансап күні» шарасы

2017 жылы 11 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дәстүрлі Мансап күні өткізілді.

Бұл шараның басты мақсаты - педагогикалық емес  мамандықтардың («Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Туризм», «Ақпараттық жүйе», «Экология», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» «Құқықтану», «Дизайн» т.б.) түлектеріне жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуына, түйіндемелерін қалаған мекемелерге бір уақытта тапсыруға мүмкіндік беру.

Шараға облыстық басқармалардың, қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, шығармашылық және мәдениет орталықтарының, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. компаниясының, ішкі істер басқармаларыны, прокатарураның, Орал қалалық сотының, Ұлттық банк Батыс Қазақстан филиалының, екінші деңгейлі банктердің, Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің, Қазақстан телерадиокорпорациясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестердің, туристік фирмалардың өкілдері қатысты. 

«Мансап күні» шарасына университетті аяқтағалы тұрған педагогикалық емес мамандықтардың 387 студенті қатысты.

Шара салтанатты және жұмыс бөлімінен тұрды. 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua