«Білім», «Өнер», «Қызмет көрсету» дайындық бағыттары мамандықтарының түлектерін тарату шарасы

2017 жылдың 07 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Білім», «Өнер», «Қызмет көрсету» дайындық бағыттары мамандықтарының түлектерін тарату комиссиясының отырысы өткізілді.

Аталмыш шараға Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының, көршілес Атырау және Маңғыстау облыстық білім басқармаларының, Ақтау қалалық білім беру бөлімінің, Орал қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары мен кадр бөлімінің жетекшілері, Бөрлі ауылшаруашылық колледжінің, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының және аудандық мәдениет бөлімдері мен балалар шығармашылығы орталықтарының өкілдері қатысты.

Түлектерді тарату шарасына «Білім» дайындық бағыты бойынша  623 студент, «Өнер» дайындық бағыты бойынша – 78, «Қызмет көрсету» дайындық бағыты бойынша 20 студент қатысты.

20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua