М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы 5В090600 – Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша ІХ республикалық пәндік олимпиада туралы ақпарат (30-31 наурыз 2017 жыл)

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2017 жылдың 30-31 наурыз күндері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында 5В090600 – Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша ІХ республикалық пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға қатысуға тапсырыс берген 4 команда 30 студент, 5 жетекші. Барлығы 4 жоғары оқу орындарынан 35 адам.

Олимпиаданың мақсаты: болашақ кәсіби мамандардың біліктілігін қалыптастыру мен дамыту үшін оларды ғылым-шығармашылық қызметке бейімдеу және еліміздің ғылыми-шығармашылық әлеуетін кеңейту.

Олимпиаданың міндеттері:

· Студенттердің оқу-танымдылық және оқу-зерттеушілік қызметін көтермелеу;

· Студенттердің кәсіби-тұлғалық күш-қуатын, олардың өзіндік таным-білімін, шығармашылық бейімділіктерін ашу, өзін-өзі іске асыру және сенімдігін молайтуға жағдай жасау;

· Студенттерді азаматтық көзқарасқа тәрбиелеу;

· Білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қатынасын қалыптастыру;

· Қатысушы студенттердің кәсіби қарым-қатынасын қалыптастыру.

І турда - мамандықтың типтік оқу жоспарына сәйкес олимпиадаға қатысушылар базалық және міндетті-бейіндік топтамасы пәндерін оқу барысында алған теориялық білім бейімділіктерін көрсетті. Қатысушылардың тестік формада теориялық білімдері тексерілді.

ІІ турда - олимпиаданың әр командасы Алаш Орда қозғалысының 100 жыл толуына орай алдын-ала дайындалған «Алаш – алтын бастау» тақырыбына шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Бұнда студенттер оқу үрдісі барысында меңгерген «Режиссура», «Актер шеберлігі», «Сахна тілі», «Сахна қозғалысы», «Вокал», «Режиссердің балетмейстермен жұмысы» т.б. пәндер бойынша алған білімдері мен дағдыларын жан-жақты көрсетті.

Олимпиада қазылар алқасының құрамы төмендегідей болып бекітілді:

Төраға

Ержанов Махамбет Ержанович п.ғ.д., профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мүшелері

Айтқалиева Карлыгаш Дайыргалиевна

өнертану кандидаты, доцент, хореография және мәдени-тынығу жұмысы

кафедрасының меңгерушісі

Қонысбаева Аққу Абумуталифовна

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазазқстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, магистр

Рустембеков Марат Кулесбекович

Тараз мемлекеттік педагогикалық иститутының аға оқытушысы

Жонусов Мерхат Галымович

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы Матвеев Игорь Степанович

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы

Макашева Эльмира Жұмажанқызы

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының режиссеры, актрисасы, аудармашысы.

Қазылар алқасының шешімі бойынша төменде аталған жоғары оқу орындарының командалары жүлдері орындарға ие болды:

1 орын - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің командасы (команда құрамы: Төленов Абзал Болатқанұлы, Дәулетбеков Ерлан Талғатұлы, Мақұлбек Беглан Айдаралыұлы, Әбдішәріп Мұқағали Мерғазыұлы, Мархан Фариза Бахтиярқызы, Сейдахмет Ғабит Ерланұлы, Партаева Назерке Темірханқызы, Ералы Аяжан Сенбекқызы, Әлімхан Бақдаулет Шәріпханұлы, Ережеп Ақмарал Есімбекқызы);

2 орын – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті (команда құрамы: Оралды Айгерим, Бегимбетова Аймира Жанатовна, Кашкинбаева Жулдыз Алписбаевна, Бектемір Жеңіс Танатұлы, Ягяева Лиля Энверовна, Гайс Анастасия Викторовна);

3 орын – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты (команда құрамы: Поштабаева Таңшолпан Маратқызы, Тұрғын Жадыра Тұрманқызы, Мұрат Жансая, Шайлаз Әділет, Утегенова Айгул, Еламанов Есбол Есмаханұлы);

3 орын – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (команда құрамы: Сеңгербекова Мадина Мүқанқызы, Насирова Карлыгаш Саулебековна, Ашимбаева Кәмила Қабдуллақызы, Төлембай Азиза Сейтханқызы, Сейсен Талшын Сакенқызы, Рақымжан Аяжан Жұмағалиқызы, Берік Жанар Бақытқызы, Нұртәліп Балгүл Бексұлтанқызы).

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткен 5В090600 – Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша ІХ республикалық пәндік олимпиада жоғары деңгейде өтті. Олимпиаданың өту барысында студенттердің мәдени-тынығу жұмысы мамандығына деген қызығушылықтары өсті, шығармашылықта талантты студенттер анықталды, жетекшілер ғылыми және педагогикалық тәжірибе алмасты, кәсіби деңгейі мен жалпымәдени ой-өрістері жоғарлады. 

olimp kdr 1

 

Олимпиаданың ашылуы 

 

 

 

 

 

olimp kdr 2

 

Олимпиаданың ашылуы 

 

 

 

  

 

olimp kdr 3

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің командасы (І орын) 

 

 

 

 

  

olimp kdr 4

 

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің командасы (ІІ орын)

 

 

 

 

   

olimp kdr 5

 

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының командасы (ІІІ орын)

 

 

 

 

   

olimp kdr 6

 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық  университетінің командасы (ІІІ орын)

 

 

 

 

   

 

olimp kdr 7

 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің командасы

 

 

  

 

  

olimp kdr 8

 

Олимпиада жеңімпаздары

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua