«Қазіргі еңбек нарығында түлектерді жұмысқа орналастыру: мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбындағы дөнгелек үстел

2017 жылдың 30 наурыз күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Жұмыс берушілер кеңесінің ұйымдастыруымен «Қазіргі еңбек нарығында түлектерді жұмысқа орналастыру: мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбындағы дөнгелек үстел мәжілісі өтті.

Шараның мақсаты:  Жұмысқа орналасу саласында жоо мен оның әлеуметтік серіктестері/жұмыс берушілер арасында қарым-қатынас, тәжірибе алмасу, алдағы қарым-қатынастың бағыттарын анықтау.

Дөңгелек үстел мәжілісіне Батыс Қазақстан облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің, Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, облыстық және қалалық білім басқармаларының, білім беру ұйымдарының, Дін істері басқармасының, Халыққа қызмет көрсету орталығының, Ішкі істер басқармасының, БҚО Соттар Әкімшісінің, Статистика департаментіның, екінші деңгейлі банктердің, Қазпочта, ӨЖК «Серік»  ЖШС, туристік фирмалар, баспасөз өкілдері және т.б. қатысты.

Дөңгелек үстел барысында түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері кеңінен талқыланып, жұмыс берушілердің нақты ұсыныстары қатерге алынды. Шара соңында университет пен жұмыс берушілердің бірлесіп атқаратын жұмыстары нақтыланған қарар қабылданды. 

raspred 1 raspred 2 raspred 3 raspred 4 raspred 6 raspred 6 raspred 7 raspred 8 raspred 9

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua