Елбасы үндеуі – ұлы істердің бастауы

Тәуелсіз мемлекет ретінде еліміздің 25 жылдық тариxы бар. Бұл орайда ел басқарушының саясаты, бағыт-бағдары, жолдаулары айбынды елге айқын жол көрсетері анық. Осы орайда мемлекет басшысы тағы да жаңа бетбұрысқа, қайта жаңғыруға із салды. Қазақ елінің күні бүгінге дейін әлем елдерімен бірге ілгері дамуына осы кезге дейін жасалған саяси шешімдердің үлкен үлесі болды.

Қаңтар айының 26-сы күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың мәдениет және өнер факультетінде  Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін студенттерге насиxаттау және түсіндіру мақсатында кезекті ашық дәріс болып өтті. Бұл дәрісті тариx ғылымының магистрі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Алдияров Жігер Қанатұлы оқыды. 

mad 1 mad 2 mad 3

Дәріс барысында ол Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың:

«Бұл - Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу. Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр. Қазір заманның талабы өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын ұрпақтар болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым» -деген үндеу жолдарын жеткізді.

Белсенді студенттердің қатысуымен өткен дәріс барысында үндеуге байланысты сұрақтар қойылып, жан-жақты талқыланды.

Жолданған үндеу еліміз үшін тағы бір абыройлы жолға түсуге негіз болары сөзсіз.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua