Өнерің өрге жүзсін!

Ресейдің Липецк каласында фотосуретшілер одағының қолдауымен «Немодной фотографии» ІІ халықаралық сайыс өткізілді. Сайысқа  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының 2 курс студенті     Тажкуранов Мейірбек қатысып, 15 пен 22 жас аралығында «Еркін тақырып» жанрында жүлделі 3 – орынға ие болды.

Қазіргі уақытта Мейірбек «Фото әуесқойлар» атты үйірмеге қатысып, білімін шыңдап жүр. 1–курста да ол факультет деканының жетекшілігі мен қолдауы арқасынды компьютерлік графика пәні бойынша үйірме жүргізді. Мейірбек өз білімін жетілдіруде еш аянып қалған емес. Факультеттің белсенді студенті, топ басшысы. Алдағы уақытта, Мейірбекке білім көгінде тек таудай талап, талмас қанат тілейміз!

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua