Мансап күні

IMG 0734 mini

2019 жылы 22мамыр күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Спорт сарайында дәстүрлі «Мансап күні» шарасы өткізілді.

Бұл шараның басты мақсаты – педагогикалық емес мамандықтардың («Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Туризм», «Ақпараттық жүйе», «Экология», «Құқықтану», «Дизайн» т.б.) түлектеріне жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуына, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алуға, түйіндемелерін қалаған мекемелерге бір уақытта тапсыруға мүмкіндік беру.

Шараға облыстық (қалалық) жұмыспен қамту басқармаларының, облыстық (қалалық) мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармаларының, облыстық, қалалық, білім беру басқармаларының, шығармашылық орталықтардың,Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. шетелдік компаниясының, Ішкі істер басқармасының, ҚР Ұлттық банкі БҚО филиалының, ІІ деңгейлі банктердің облыстық филиалдары, Батыс Қазақстан ооблыстық және Орал қалалық соттарының, ӨЖК «Серік» ЖШС, БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, Дін істері басқармасының Облыстық және қалалық ішкі істер департаменттерінің, Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің, түрлі акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестердің, биологиялық-экологиялық орталықтың, кадрлық агенттіктердің, тілдік оқыту орталықтарының, туристік фирмалардың және т.б. 60-қа жуық мекемелердің өкілдері қатысты.

Дәстүрлі жыл сайынғы «Мансап күніне» университетті үстіміздегі жылы аяқтағалы тұрған педагогикалық емес мамандықтардың 384 астам студенті қатысты. Олар өз кезегінде жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуға, түйіндемелерін тапсырып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алуға мүмкіндік алды.

Шара салтанатты және жұмыс бөлімінен тұрды.

 

IMG 0622 mini

IMG 0628 mini

IMG 0644 mini

 IMG 0631 mini

IMG 0676 mini

IMG 0705 mini

IMG 0712 mini

 

Инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті

IMG 6208 mini

2019 жылдың 12 сәуірінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы арасында инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, мамандар даярлаудағы сапаны арттырудың жаңа жолдарын іздеу, ПОҚ жинақтаған тәжірибені көрсету және оқытудың тиімділігін арттыру мен кафедра ұжымының жұмысын ынталандыру, жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудың инновациялық технологияларын оқу сабақтарында қолдана отырып, оқытушыларды сапалы кәсіби қызметке бейімдеу болып табылады.

Байқаудың негізгі міндеттері: БҚМУ-дағы инновациялық қызметті дамыту, ПОҚ-тың белсенділігін арттыруға жәрдемдесу, БҚМУ-дағы инновациялық-білім беру үрдісін жетілдіру және дамытудың ақпараттық технологияларын пайдаланып, білім қорын қалыптастыру деп белгіленді.

Байқаудың бірінші кезеңі профессор-оқытушылар құрамы арасында факультетте өткізілді, үздік жұмыстар университеттің қорытынды кезеңіне ұсынылды.

Конкурстың қорытынды кезеңінде ұсынылған жобалар 5 негізгі критерий бойынша бағаланды:

1. жобаның нақтылығы, ғылыми жаңашылдығы;

2. жобаның мақсат-міндетінің шынайылығы;

3. инновациялық өнімнің - жоба қорытындысының нақтылығы мен дәлдігін анықтау;

4. ұсынылған оқытудың инновациялық технологиясының әдістемелік қамтамасыз етілуінің сапасы;

5. жаңартылған білім мазмұны аясында оқытудың инновациялық технологияларын оқу сабақтарында қолдана алуы.

Қорытынды кезеңге университеттің профессор-оқытушылар құрамының 10 жобасы ұсынылды.

Комиссия мүшесінің құрамындағы тәжірибелі оқытушы-мамандар 5 негізгі критерий бойынша ең көп балл алған 5 үздік жобаны анықтады.

1. А.С.Қыдыршаев - п.ғ.д., профессор, «Рухани жаңғыру» институтының директоры. «Студенттерді шешен сөйлеу мәдениетіне баулу технологиясы» («Кестелі шешендіктану» негізінде).

2. С.Б.Калаханова - педагогика факультеті, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр. «Google Forms онлайн-сервисін оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың тиімділігі».

3. Б.М.Кусаинова - жаратылыстану-география факультеті, химия кафедрасының оқытушысы. «Мұнай өнімдерін гидротазалау».

4. Б.С.Имангалиева, А.О.Губашева - физика-математика факультеті, физика кафедрасының аға оқытушысы мен оқытушы-магистрі. «Студенттерге астрономиялық білімді дуалды оқыту жүйесі негізінде меңгертудің әдістемелік жолдары».

5. С.Т.Сарманбеков - мәдениет және өнер факультеті, бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушысы, шеберхана меңгерушісі. «Дизайн ювелирных изделий в национальном стиле».

Байқаудың қорытынды кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар тапсырылды, сондай-ақ үздік жобалардың авторлары ректорат тарапынан марапаттауға ұсынылды.

Конкурсқа қатысушылардың жұмыстары "Озық педагогикалық тәжірибе мектебі" ғылыми-әдістемелік жинағында жарияланатын болады.

 


IMG 6211 mini

IMG 6220 mini

IMG 6242 mini 

Вебинарға қатысу

вебинар

Нұр-сұлтан қаласында 4 сәуір күні, М. Өтемісов атындағы БҚМУ қашықтықтан оқыту орталығының қызметкерлері "Центрсофт" компаниясы тобының вебинарына қатысты. Баяндамашы "Центрсофт" маманы Олжас Галин.

Вебинар тақырыбы: "ҚОЖ Moodle қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруды пайдалана отырып. Студент пен оқытушының мүмкіндіктерін тәжірибелігін көрсету".

Вебинарға барлығы Қазақстанның түрлі оқу орындарынан 169 адам қатысты. Сырттай оқу түрінің тоқтатылуына байланысты, әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану туралы мәселе өткір тұр.

Вебинарда Moodle қашықтықтан оқыту жүйесін қолдану мүмкіндіктері қарастырылды, соңғы нұсқасы 3.6.2 Php бағдарламалау тілі. Сонымен қатар, бағдарламалық өнім көрсетілді. Бұл вебинарлар студенттерді қашықтықтан оқытуда автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді қолдану сапасын арттыруға ықпал етеді.

 

Ақпан айының 25 жұлдызында БҚМУ-да КСРО халық әртісі Леонид Сметанниковтың шеберлік сабағы өтті.

 IMG 9544 miniАқпан айының 25 жұлдызында БҚМУ-да КСРО халық әртісі Леонид Сметанниковтың шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабаққа «Музыкалық білім және вокал» кафедрасының «Вокалдық өнер» мамандығының студенттері қатысты. Жас әншілермен жұмыс жасау барысында Леонид Анатольевич дыбыс қалыптастыру, артикуляция, тыныс алу және орындалатын шығарманы эмоционалды-бейнелі түсіндіру мәселелерін қозғады. Шебер "Музыкалық білім және вокал" кафедрасы оқытушыларының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін атап өтті.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде семинар өткізілді

sem2

2018 жылдың 29 қарашасында университеттің бөлім басшылары үшін оқыту семинары өтті.

Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:

1. Жаңа нормативтік құқықтық актілерді енгізу және ҚР БҒМ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

- Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидалары;

- Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары;

- Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандар өткізілетін білім бағдарламалары топтарының тізімі;

- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидалары;

- Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары;

2. Білім беру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар. 

Семинардың мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы заңнаманың жаңа нормалары  контексінде ЖОО академиялық және басқарушы қызметкерлерінің әлеуетін көтеру болып табылады.

Университет құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысқан семинарда  «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту: тәжірибе және перспективалар» , «Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру», 

«Оқу және өзін-өзі басқарудың тәуелсіздігін кеңейту контекстінде университеттердің білім беру қызметі», сонымен қатар  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың жол картасын және мұғалімдерді оқытуды жетілдірудің көрсеткіштері қарастырылды.

Семинар модераторы, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор А.С.Тасмағамбетов НҚА-ге (нормативтік құқықтық актілер) енген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, оқу үрдісін ұйымдастыру мен өткізуді басшылыққа ала отырып жалғастыру қажеттігін атады.

Семинардың спикерлері академиялық қызмет департаментінің директоры Г.С.Қайсагалиева және «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Г.С.Абуғалиева білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізудің алғышарттары мен перспективаларын айқындап, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы ұсынған жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес енгізілген өзгерістерді таныстырды. 

sem3sem1

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жалпы білім беру мектептерінен тәжірибеден өтетін жоғары оқу орны оқытушыларына арналған, жаңартылған білім мазмұны аясында «Балалар әлемі» атты біліктілікті арттыру курстары өткізіліп жатыр.

2 mini

2018 жылдың 17 -ші және 19-шы қазанында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті бойынша қараша-желтоқсан айларында жалпы білім беру мектептерінен тәжірибеден өтетін жоғары оқу орны оқытушыларына арналған, жаңартылған білім мазмұны аясында «Балалар әлемі» атты бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру мақсатында семинар-тренинг өткізілді. Семинарға қараша-желтоқсан айларында жалпы білім беру мектептерінен тәжірибеден өтетін оқытушылар және АҚД директоры Г.С.Қайсағалиева қатысты. Семинарды педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Исмагулова Ж.С, Абдраимова, Э.К, Хабиева Д.Г, Абугалиева Г.С өткізді.
Семинар-тренингтің мақсаты мен міндеті – оқытушыларға жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру, педагогикалық тәжірибені жетілдіру, педагогтардың практикалық дағдыларын қалыптастыру және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Алғашқы секцияда жаңартылған білім мазмұны негізінде білім беру міндеттерін шешуге бағытталған оқытудың технологиялары мен тәсілдерін қолданудың тәжірибесі ұсынылды.

Екінші секция жұмысы оқу процесінде оқушылардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тәсілдері мен педагогикалық міндеттерін талқылауға негізделді. Оқушылардың танымдық қызметін белсендіру, шығармашылық қабілетті дамытудағы мақсатты бағыттары сарапқа салынды.

Семинар-тренинг пікірталастық, ойындық, тренинг-әдістерді, сыни ойлаудың (Блум токсономиясы, концептуальдық кестелер, кластерлер) мысалдарын пайдалана отырып постерлер таныстырылды. Семинарға қатысушылардың бәрі де белсенді жұмыс істелгенін, өз жұмыстарымен қанағаттанғандарын, семинар-тренингттің қызықты және пайдалы болғанын, өз тәжірибелерінде бұл әдістерді қолданатындарын бірауыздан атап өтті.

3 mini

4 mini

5 mini

Аға эксперт, доктор Штефан Рёдер Уинфридпен кездесу

IMG 4332 mini

Махамбет университетінде ақпараттық технология саласы бойынша мамандардың біліктіліктерін арттыру мақсатында Германия елінің Бонн қаласынан келген аға эксперт, доктор Штефан Рёдер Уинфридпен кездесу өткізілді. Кездесуге физика-математика факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысып, тәжірибе алмасты.

IMG 4335 mini

IMG 4321 mini

IMG 4328 mini

 

Түлектерді тарату

2018 жылдың 12 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Білім», «Өнер» және «Қызмет көрсету» дайындық бағыттарының түлектері үшін дербес бөлу, тарату шарасы өткізілді.

Әлем бойынша гуманитарлық бағыттағы 100 оқулықтың электронды базасын қалыптастыру үшін «Білімнің қайнар көзі» атты бағдарламалық қаптама

Әлем бойынша гуманитарлық бағыттағы 100 оқулықтың электронды базасын қалыптастыру үшін «Білімнің қайнар көзі» атты бағдарламалық қаптама

Тағы мақалалар...

  1. Назарбаев Университетінің өкілдерімен кездесу
  2. Құттықтаймыз!!!
  3. Открытая презентация инновационных проектов профессорско-преподавательского состава ЗКГУ им.М.Утемисова
  4. Реализация программы входящей академической мобильности на педагогическом факультете ЗКГУ им.М.Утемисова
  5. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі «Мансап күні» шарасы
  6. «Білім», «Өнер», «Қызмет көрсету» дайындық бағыттары мамандықтарының түлектерін тарату шарасы
  7. Педагогика ғылымдары бойынша магистранттардың Республикалық олимпиадасы өтуде
  8. Университеттің «Өрлеу» командасы 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша YIII Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында қатысып, III орынға және «Топтық бірлік пен ынтымақтастық» номинациясына ие болды
  9. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы 5В090600 – Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша ІХ республикалық пәндік олимпиада туралы ақпарат (30-31 наурыз 2017 жыл)
  10. «Қазіргі еңбек нарығында түлектерді жұмысқа орналастыру: мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбындағы дөнгелек үстел
  11. Жоғары және арнаулы оқу орындарын бітіретін түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
  12. «Қозғалыс есептерін кіріктіре (физика-математика) оқытуға электрондық басылымдарды қолдану әдістері» тақырыбында шеберлік сынып
  13. Физика мен математиканы оқытуға арналған цифрлық ресурсты пайдалану атты шеберлік сыныбының есебі
  14. «Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу» бойынша байқау
  15. 6-10 ақпан аралығында Жаратылыстану-география факультететінде «Көптілділік – қазіргі заманғы білім берудегі басым бағыттардың бірі» атты әдістемелік апталығы өтуде Апталыққа басқа факультет оқытушылары мен студенттерді қатысуға шақырамыз!
  16. Елбасы үндеуі – ұлы істердің бастауы
  17. Республиканская научно-практическая конференция «Актуальные проблемы и биоразнообразия экосистем Казахстана», посвященная 80-летию со дня рождения доктора биологических наук, профессора Агелеуова Есенбай Агелеуовича и кандидата биологических наук, доцента
  18. Өнерің өрге жүзсін!
  19. От сессии до сессии живут студенты весело
  20. «Жақсылық жаса» акциясы аясында әлеуметтік көмек
  21. Обмен опытом
  22. 4-11 ақпан аралығында Жаратылыстану-география факультететінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Модельдеу – оқыту тәсілі ретінде» атты оқу-әдістемелік апталығы болып өтті
  23. «Батыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелері» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
  24. 28 қарашада Педагогика факультететінде оқу-әдістемелік апталықтың жабылу салтанаты болып өтті
  25. Педагогика факультетінде «Білім беру сапасы: ЖОО-да тәжірибеге бағытталған пәндерді оқытудың жаңа тұғырлары» атты оқу-әдістемелік апталығы өтуде
  26. Пушкин поэзиясының мерекесі
  27. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттерімен диалектикалық сараман
  28. СТУДЕНТ ЖЕТІСТІГІ – ҰСТАЗ МЕРЕЙІ
  29. Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция
  30. Победа в VII Республиканской предметной Олимпиаде по НВП
  31. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің түлектерімен кездесу
  32. Педагогика факультеті, жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану кафедрасының аға оқытушысы Т.Қ Қайырғалиевқа 70-жасқа толу мерейтойы
  33. М.Өтемісов атындағы БҚМУ кіші мәжіліс залында видеоконференция түрінде академиялық ұтқырлық бойынша аймақтық мәжіліс өтті
  34. Әлемге шуағын шашқан «Жандану»
  35. Олимпиададан олжалы оралдым
  36. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында 5В011100-Информатика пәні бойынша VI Республикалық олимпиадасы
  37. Биология пәні бойынша республикалық пәндік олимпиада
  38. «География» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада
  39. Круглый стол на тему:«Занятость, трудоустройство студентов и молодых специалистов-филологов: проблемы и перспективы сотрудничества с работодателями»
  40. Региональный семинар-тренинг «Адаптация основных параметров Болонского процесса в вузах Казахстана»
  41. «5В060600 - Химия» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орын
  42. Педагогика факультеті тобының - қатысушыларын құттықтаймыз
  43. Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде VI республикалық студенттік олимпиада өтті
  44. 11 февраля студенческий деканат факультета естественно-географического факультета провели собрание на тему послания Президента Республики Казахстан.
  45. 2014 жылдың қаңтар айының 31-і күні Тарих және құқық факультетінің «Әлеуметтану» мамандығының 3 курс студенттері Алматы қаласында өткен «Жас зерде» бірінші халықаралық маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер аясындағы студенттердің ғылыми жұмыстарының байқауына қатысты.
  46. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты тіл апталығы

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua