«Исатай батыр тарихы: зерттелу деңгейі, тың деректер, болжамдар» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың тәуелсіздік жолындағы күресін бастаған Сырым Датов, Жоламан тіленшіұлы, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов сынды талай-талай көсемдер мен батырлардың айрықша ардақты аттары дәл сол жылдарда елдігіміздің тарихына мәңгі-бақи жазылды. Махамбет пен Исатайдың екеуінің де аңсаған арман-мұраты - елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі, бірлігі мен ынтымағы. Бүгінгі Исатай мен Махамбеттің ұрпақтары осыған қол жеткізіп отыр» деп,  үлкен мағыналы сөздер айтқан.
2013 жылдың 5 шілдеде «Махамбет» халықаралық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Исатай батыр тарихы: зерттелу деңгейі, тың деректер, болжамдар» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысы М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, п.ғ.д., академик А.С. Иманғалиев «Өлке тарихындағы исатайтану мәселелері» тақырыбында алғы сөзбен басталды. Сонымен қатар, «Исатай батыр тарихы: зерттеу арналары, тың деректер, болжамдар» тақырыбында М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор Ә.Қ. Мұқтар баяндама жасады. Дөңгелек үстел басындағы пікіралмасуға өзек болар мәселелер: Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасындағы тың деректер, Исатайдың соңғы шайқасы немесе Қиыл қырғынына қатысты ақиқат, Исатай Тайманұлы мен Жәңгір ханның арасындағы қақтығыс салдары, Исатай батыр зираты төңірегіндегі болжамдар, Көтеріліске қатысқан өзге де сарбаздар тағдыры, Исатай батыр тарихының зерттелу деңгейі, Махамбет баба мазары басына тәу етуге барған экспедиция түйіндері. Сонымен бірге дөңгелек үстелге қатысқандар: «Махамбет» халықаралық ғылыми зерттеу орталығының директоры, п.ғ.д., профессор А.С. Қыдыршаев, т.ғ.д., профессор М.Н. Сыдықов, т.ғ.к., доцент Қ.Ж. Сүйіншәлиев, өлкетанушы-ғалымдар Ғаділше Өтебәлі, Ақбай Жайсаң, Құрақов Амангелді, сонымен қатар, бірқатар қоғам қайраткерлері, журналисттер, тарихшы-ғалымдар.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua