Қазақстан Республикасының ұлттық тарихы және оны зерделеу мәселелері

2013 жылдың 13 маусымында «Қазақстан Республикасының ұлттық тарихы және оны зерделеу мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылды. Семинар-кеңес жұмысында Отандық тарих ғылымы және оның өзекті мәселелері, ұлттық тарихты дамытудағы өлкетану саласының рөлі және ұлттық тарихи сана және оны жетілдіру жолдары мәселелері талқыланды. Семинар-кеңес жұмысы барысында М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, п.ғ.д., академик А.С. Иманғалиев алғы сөз сөйледі.  Шарада т.ғ.к. С.М. Ғиззатовтың «Ұлттық тарихи сана және оны жетілдіру жолдары», т.ғ.д., профессор Т.З. Рысбековтың «Қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері», т.ғ.д., профессор Ә.Қ. Мұқтардың «ХVІІІ – ХІХ ғасырлардағы қазақ тарихы және оның ақтаңдақтары», т.ғ.к., доцент Г.Б. Сүлейменованың «Актуальные проблемы отечественной истории и ее связь со всемирной историей» және т.ғ.к., доцент Л.С. Серикованың «Ұлттық тарихты дамытудағы өлкетану саласының рөлі» тақырыбында баяндамалары тыңдалды. Семинар-кеңес жұмысы соңы жарыссөзбен аяқталды.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua