«Жастар және ғылым» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығы

Жыл сайынғы дәстүрмен өткізілетін, студенттер мен жас ғалымдарымызға ғылыми шыңдануына септігін беретін, оларды ғылыммен шұғылдануға шақыратын, және талантты жастарға қолдау беретін студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығы Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығын тойлау қарсаңында ұйымдастырылды.  Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығына арналған «Жастар және ғылым» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығы 29 сәуір мен 6 мамыр аралығында  өтті. Ғылыми апталық аясында «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттердің 71-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы, Студенттер мен университетіміздің белгілі ғалымдарымен кездесуі, «Жас ғалымдар - еліміздің болашағы» атты жоо, колледжі студенттері мен мектеп оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел, ҰОС ардагері, т.ғ.к., БҚМУ профессоры П.Р. Букаткиннің 90-жылдығына арналған «Актуальные проблемы исследования истории великой отечественной войны» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Заңғар» студенттік бизнес-инкубаторының презентациясы және ғылыми апталықтың жабылуы салтанатымен аяқталды. Ғылыми апталықтың ашылу салтанаты студенттер мен магистранттарды ректорат атынан ғылым және коммерцияландыру департаменті директоры Э.Ж. Имашевтың құттықтау сөзімен ашылып, «Тарих» мамандығының 1 курс магистранты С.Сақауова «Махамбет Өтемісұлының жастарға беретін тәрбиелік мәні» және «География» мамандығының 2 курс студенті Н. Төлеуова «Маңғыстау ертегі географиясы» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды. 29-30 сәуір аралығында ұйымдастырылған «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттердің 71-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясында 29 секция бойынша 525 бяндама жасалды. Олар Физика-математика факультеті секцияларында 100 баяндама, Педогогика факультеті секцияларында 99 баяндама, Жаратылыстану - география факультеті секцияларында 79 баяндама, Филология факультеті секциясында 74 баяндама, Экономика және басқару факультеті секцияларында 72 баяндама, Мәдениет және өнер факультеті секцияларында 51 баяндама, ал Тарих және құқық факультеті секциялары бойынша 50 баяндама оқылды.
2 мамыр күні факультеттер жанында студенттер мен университетіміздің белгілі ғалымдарымен кездесулер ұйымдастырылды. Мысалы б.ғ.д., профессор Т.Е. Дарбаевамен, б.ғ.к., профессор М.М. Фартушинамен, х.ғ.д., профессор Д.К. Мендалиевамен, э.ғ.к., доцент С.Д. Комаровпен, а/ш.ғ.д., профессор С.С. Джубатыровамен және т.б. ғалымдармен өтті.
3 мамырда өткен «Жас ғалымдар - еліміздің болашағы» атты жоо, колледжі студенттері мен мектеп оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстелде жастарды көптеп ғылымға тарту мәселелері бойынша сөз қозғалды. Дөңгелек үстел аясында студенттер өз ойларын ашық және түсінікті жеткізе білді, сонымен қатар, жас ғалымдар өздерінің ғылыми жұмыстарымен таныстырып, сұрақ жауаптармен алмасты.
4 мамырда Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор П.Р. Букаткиннің 90 жылдық мерейтойына арналған “Батыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі” атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияның ашылуында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, п.ғ.д., академик А.С. Иманғалиевтың алғы сөзімен бастап, Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Ноғаев құттықтау сөз сөйледі. Конференция жұмысында  т.ғ.д., профессор А.М.Нұрғалиева «П.Р. Букаткиннің өмірі мен қызметі» тақырыбында баяндама оқыды. Ұлы Отан соғысының ардагері, т.ғ.к., профессор П.Р. Букаткиннің «Западный Казахстан – ближний тыл Сталинградского фронта» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасып, сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы, т.ғ.к. М.Ә. Мухамбетовтың, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының профессоры, п.ғ.к. Н.Н. Пересветовтың баяндамалары тыңдалды. Конференция соңында профессор П.Р. Букаткинге шәкірттері тарапынан құттықтаулар жолданды. Конференция жұмысының жалғасы «Ұлы Отан соғысы тарихының зерттелуінің өзекті мәселелері», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Батыс Қазақстан» және «Ұлы Отан соғысы тарихын оқыту негізінде қазіргі таңдағы жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері» атты секция отырыстарында өтті.
Апталықтың жабылу салтанатында «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттердің 71-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясында үздік баяндамамен көзге түскен студенттер мен магистранттар дипломдармен, ал ғылыми апталыққа белсенді қатынасқандар алғыс хатпен марапатталды.
Апталық қорытындысы ретінде және 71-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясындағы үздік баяндамалар жинақ ретінде басылып шығады.


Ғылым және коммерцияландыру департаменті

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua