«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

2012 жылдың 6 қыркүйегінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, академик Асхат Сәлімұлы Иманғалиев университетттің белсенді студенттері алдында республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында №1 орта мектептің 1-сыныбына қадам басқан Меруерт Құлбай есімді оқушыға портфель мен оқуға қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Университет ректоры оқушыға келешек өмірінің жарқын болуына және де мектепті тек қана беске оқып, елінің ертеңі үшін аянбай еңбек етер маман болуына тілектестік білдіріп, батасын берді. Меруерттің анасы М.Н.Медеуова аталған акцияның ата-аналар мен оқушы бала үшін маңызы өте зор екендігін айтып, университет ректоры, академик А.С.Иманғалиевке және барша ұжымға алғысын айтты.
Сөз сөйлеген экономика және басқару факультетінің 2 курс студенті Т.Бердібай «Мектепке жол» акциясына студент жастарды мейірімділікке, кішіге қамқор болуға баулитын тәрбиелік мәні бар ауқымды шара ретінде баға берді.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua