«Бір ел – бір кітап» – 2013 акциясы. Фариза Оңғарсынованың өлеңдері жырсүйер жүректерді сәулелендіреді

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы кітабының  хабарлануына арналған баспасөз конференциясы болды.
Биылғы жылы акцияны ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша барша оқырман қауым бірлесіп оқуы үшін Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр жинағы ұсынылды.
Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынова ҚР ҰАК-сы ашылған бірінші күннен бастап, білім ордасының қамқоршысы, көптеген қызықты жобалардың ұйымдастырушысы болып табылады. 2007 жылдан ол республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитетінің төрайымы және қазақстандық жазушылар шығармашылығын насихаттауда, өскелең жастарды кітап оқуға  тартуда зор үлесін қосып келеді.
Міне, енді биыл жетінші мәрте өткізілгелі отырған акция аясында оқырмандарды Фариза Оңғарсыновамен қызықты кездесулер, шығармашылық кештер күтіп тұр. ҚР ҰАК-да «Поэзия патшайымы» атты кітап көрмесі қойылды және Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын қалың жұртшылыққа таныту үшін кітапханалық жобалардың халықаралық байқауы жарияланып отыр. Оған ұлттық, облыстық, қалалық және аудандық кітапханалар қатыса алады.
Акцияның ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы. Акцияны өткізу орталықтары кітапханалар  болып табылады.  Жыл бойына Фариза Оңғарсынованың шығармашылық шеберлігін ашатын Қазақстанның барлық өңірлерінде, аудандық, облыстық және ауылдық кітапханаларда 1000-нан астам іс-шаралар өтеді.
Осы акция аясында 2013 жылдың қыркүйек айында М. Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасында оқырмандармен бірлесе отырып,   ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын бірнеше шаралар өткізу жоспарланып отыр.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua