ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы

12 ақпан күні №7 оқу ғимаратында 501 аудиторияда 10101,10102, 10107 топ студенттеріне «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басымдықтары» атты дөңгелек үстел оздырылды.
Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары: Ахметова М.С., Маденова Л.М., Ергалиева Г.А. т.б. қатысты.
Дөңгелек үстел мақсаты: ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру, жастар арасында білім беру саласындағы басым бағыттарды талқылау.

Дөңгелек үстелде келесі баяндамалар қарастырылды:
п.ғ.к. Ергалиева Г.А. «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басымдықтары»
Аға оқытушы Қайргалиев Т.Қ. «Білім мен кәсіби машық заманауи білім берудің негізгі бағыттары»
10101 топ студенті: Муратов Аманғали: «Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты»
10101 топ студенті: Аманқасова Гүлжайна: «Білім берудегі негізгі жаңа заман талабы».
өз ойларын ортаға салып, баяндама жасады. Баяндама бойынша студенттер тарапынан келесі сұрақтар қойылды.
1.Жолдау саясатының жалпы бағыттары нені қамтиды?
2. Жаңа қазақстандық патриотизм жөніндегі көзқарасқа қалай қарайсыз? т.б.
Дөңгелек үстел өте тартымды өтті. Студенттер өз ойларын ашық білдіруге мүмкіндік алды.
2. Кафедра оқытушылары п.ғ.к Ергалиева Г.А., Есенова С.Н. Өркен газетінің Тағылым бөліміне «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» атты мақаласын дайындады. Мақала сәуір айында жарық көрмекші.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua