Бұрымды қыздар сайысқа түсті

Филология факультетінде 2012 жылдың  7 қарашасы  күні имандылық пен ибалылықты, салт дәстүр мен әдет ғұрыпты, қазақы тәлім-тәрбиені дәріптейтін, қазіргі жаһандану үрдісі кезіңде дәстүрлі емес дін ортасында адасып жүрген жастарға үлгі-насихат мақсатында «Бұрымды қыз - 2012» атты сайыс оздырылды.

Бұл сайысты 2102-топ пен сол топтың кураторы, магистр-оқытушы phD докторант Нұрсәуле Кәкімжанқызы Ахатова ұйымдастырды. Сайысқа факультетіміздегі шашы ұзын, өнерлі қыздары қатысты. Сайыс өзін өзі таныстыру, яғни ұзын бұрымды насихаттау бағытында, шаш үлгісін көрсету, салат түрлерін жасау, киім сән үлгісін көрсеті, өз өнері, салт дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру, т.б. кезеңдерден тұрды. Барлық қатысушы қыздарға әртүрлі номинациялар мен естелік сыйлықтар берілді. Бар кезеңнен мүдірмей өтіп, өнері мен қазақ қызына тән сұлулығымен ерекшеленген қыздарымыз жүлделіорындарға ие болды. Сонымен, ІІІ орынды І курс студенті Ахметқалиева Самал иеленсе, ІІ орынды да І курс студенті Амандурдиева Алтынай жеңіп алды. Ал жүлделі І орынды ІІ курс студенті Қасен Айсана қанжығасына байлады, «Бұрымды қыз – 2012» сайысының бас жүлдегері ІІ курс студенті Қауен Әйгерім атанды.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua