1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елімен етене Елбасы» атты тарихи кітап көрмесіне шақырамыз

Биыл алғашқы рет қазақ елі 1 желтоқсан  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтті.  Қазақстан тәуелсіздік алған жиырма жылдан астам  уақыт ішінде  көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев тарихтың сын сағаты соққанда туған халқының көреген көшбасшысы, жарқын істердің жасампаз тұлғасы ретінде қазақ халқының мақтанышына айналды. 

Осыған орай  2012 жылдың 27 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында М. Өтемісов атындағы БҚМУ  бас ғимаратының дәлізінде сағат  10:00-15:00 уақыт аралығында 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елімен етене Елбасы» атты тарихи кітап көрмесі ұйымдастырылған. 
Тарихи көрмеде Елбасының елді басқарған жылдарындағы хронологиялық томдық басылымдары, Президенттің әр жылдары жарық көрген кітаптары, ол туралы жазған авторлардың томдық кітаптары, отбасылық өмірбаяны, алғашқы еңбек жолын баяндайтын құжаттар мен наградалары, елдің ішкі және сыртқы саясаты, әлеуметтік саланың өркендеуі жөніндегі құнды басылымдар көрмеден орын алады. Сонымен қатар «Қазақстан - 2030» стратегиясы, Елбасының Қазақстан халқына жолдаулары (1998-2012жж.), ЕҚЫҰ саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, инттелектуалды ұлт қалыптастыру және елімізде салауатты өмір салтын нығайту жолында жетістіктер көрсетілген.
Тәуелсіз Қазақстан тарихының маңызды  беттері әлемдік қоғамдастық тарапынан шынайы бағасын алған Қазақстан Тұңғыш Президентіміздің саясатының  маңызы зор.


Ғылыми кітапхана

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua