Балапан қонар ұяға...

Жаратылыстану – географиялық факультетінде химия кафедрасының оқытушысы  Есеева Гүлжан Бексұлтанқызының  жетекшілігімен 01401, 01402, 01403 топ студенттері 1- курс студенттеріне арнап «Балапан қонар ұяға, Қыран ұшар қияға» атты мерекелік кеш өткізді. 1 курс студенттерінің химия мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Химия кафедрасының тарихын баяндап, әртүрлі зертханалық жұмыстарын көрсетіп, қызықты ойындармен, түрлі сұрақтар қойды. Химия мамандығының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен шағын концертпен жалғасын тапты. Жарқыраған үндерімен, әсем билерімен барша қауымды тамсандырды.
Кеше ғана мектеп табалдырығында  білім алып, үлкен арман әлеміне шарлап, жоғары оқу орнына түссем деген ізгі ой қалықтаған біздер, бүгінде химия  мамандығының  студенті  атанып, арманның ақ  тұлпарына мініп, білім әлеміне шарлауға дайын болдық. Сіздер секілді киелі шаңыраққа кір келтірмей, химия мамандығын сүйіп оқып, үлгілі де білімді шәкірт болып, Тәуелсіз Қазақстанның  патриоты болуға уәде береміз. Жаһандану дәуірінде сіздер білімдеріңіз арқылы әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті жастар болуларыңызға тілектеспіз.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua