«Алаш Орда және тәуелсіздік»

30 қазан 2012 жылы М. Өтемісов атындағы БҚМУ № ғимараты акт залында ҚР Білім және ғылым министрлігі М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы, Ж. Жосмұхамедов атындағы педагогикалық колледж және «Батыс Қазақстан облысы Жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруларымен Жаһанша Досмұхамедовтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Алаш Орда және тәуелсіздік» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик  Иманғалиев Асхат Сәлімұлы және Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сүлеймен Серік Кенжебекұлы құттықтау сөздерімен басталды. Конференция жұмысына Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Аққали Қабижанұлы, Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Алашорда жетекшісі Сүлейменова Дәметкен Досмұханқызы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Мажитов Равиль Сидагатұлы, ҚР Президенті жанындағы мелекеттік басқару академиясының қылмыстық құқық және процесс кафедрасының меңгерушісі Маликова Айгүл Шарифханқызы, Ресейдің Уфа қаласынан тарих ғылымдарының кандидаты Газизов Радмир Рашитұлы және Башқұрт мемлекеттік университеті «Башқұртстан Республикасы және этнология тарихы» кафедрасының ассистенті, тарих ғылымдарының кандидаты Ильясов Тимур Тагирұлы ғалымдар қатынасты. Үш секция бойынша 28 баяндама тыңдалды.

Ғылым және коммерцияландыру департаменті

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua