Жастар сектаға қарсы атты флэш-моб

2012 жылы  14 қыркүйек күні Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің акт залында Батыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы, «Жайық» деструктивті ұйымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Біз -жастар сектаға қарсы атты» флэш-моб өткізілді.

Бұл шараның басты мақсаты -жастарды әртүрлі дәстүрлі емес діни ағымдардан алдын алу, оларға дұрыс ақпарат беру болып табылады. Бұл шараға қаламыздың жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж студенттері қатысты. Шара барысында Ішкі саясат басқармасының, Дін істері жөніндегі департамент қызметкерлері және «Жайық» орталығының төрағасы Аханов Жарас сөз сөйлеп, жастарға өздерінің ақыл тілектерін жеткізді. Бұл шарада жастардың атынан М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 4 курс студенті, Н.Ә.Назарбаев атындағы атаулы шәкірт ақы иегері Тлепбергенова Айзада өз замандастарына үндеуін жолдады. Бұл флэш-моб барысында залдағы көрермендер «Дініңді сатпа, салтыңды сақта, ел болашағы – жастар!»  деген жалынды сөздермен ұрандатты. Соңы концерттік бағдарламамен ұласты.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua