«Біз жастар сектаға қарсымыз» атты кездесу кеші

Ағымдағы жылдың 9 қазан күні университетте «Біз жастар діни сектаға қарсымыз» тақырыбындағы кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне Дін істер департаментінің бас маманы Ғ.Мажиев, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Т.М.Даришева, тәрбие бөлімінің жетекшісі М.И.Исатаев, факультет декандарының орынбасарлары, топ кураторлары және университеттің 1 курс студенттері қатысты.

Шараның мақсаты жастарға Қазақстан аумағындағы теріс діни ұйымдар мен секталардың қызметі туралы ақпарат беру, олардан сақтанудың жолдарын көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Арнайы кездесуге келген Дін істер департаментінің бас маманы Ғ.Мажиев өздінің теріс діни ұйымдарға байланысты дәрісін оқып, жат ағымдардан сақтанудың жолдарын көрсетті.
Студент жастар тарапынан ұсынылған сұрақтарға жауап беріп, өз кеңестерін де ұсынды.

Кездесу қонағы «Біз тәуелсіз елдің жастары, өзге елдермен тереземіз тең болып, әрі қарай ұмытылған мақсатымызға, қиялымызға жетуге міндеттіміз. Біздер Қазақстан Республикасының жастары қазақ жерін, қазақ елін көркейтіп, өсіп өнуіне үлес қосуымыз қажет. Тәуелсіз жеріміздің мақтанышы болып және өз еліміздің патриоты атанып биік- биік шыңдардан көріну бүгінгі  жастардымыздың қолында» - деген жалынды сөздерімен өз ойларын қорытындылады.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua