Батыс Қазақстан облысы «Жайық» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігі

«Жайық» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігі  - ағартушылық, сауықтыру, мәдени, оқу және коммерциялық секілді деструктивті діни ұйымдардан жапа шеккен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын, пайда көру мақсатын көздемейтін, діни емес, саяси ұйым емес қоғамдық орталық болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстанның жүздеген азаматтары деструктивті ұйымдардың ықпалына түсіп, қорғауды қажет етеді. Оның көптеген себептері бар.
Саяси
– билік органдарына қысым көрсету үшін адамдарды ақыл-есінен адастырып, иландырып, өтірік алдап дін өкілдеріне арандату, заңдағы мәселелерді өз пайдасына шешу үшін мемлекеттік мекемелерді мадақтау.
Сыртқы саяси – Қазақстан Республикасының заңнамасы деструктивті ұйымдарға қатаң бақылауды орнатуды талап ететін европалық стандартқа сай келмейінше, евроинтеграция жолымен ілгері жылжу мүмкін емес.
Әлеуметтік – азғана жинағы пен тұрғын үйлерінен айырылған бақытсыз адамдар мемлекет қамқорлығына зәру, оларға арналған түрлі әлеуметтік бағдарламалардың көлемі  бюджет шығынын өсіреді .
Медициналық – психотехника мен гипнозды қабылдау адептінің психологиялық көңіл-күйін бұзады, жасырын психикалық мәжбүрлеу клиналық дені сау адамды да асқындырады. Теріс бағыттағы діндер бойынша дәрігерге қаралу, дәрілік препараттарды қолдануға ашық қарсылық көрсетілетінін  ескеру қажет.
Экономикалық қауісіздік – діни секталар кең көлемде қаржы қорының көзі болып табылады және салықтарын жеңілдетілген түрде жүргізуге ұмтылады.
Ұжымдық қауіпсіздік – коммерциялық құрылым серіктестерінің жалданған сектанттарын дін көшбасшыларымен ұйымдастырған бизнес-құрылымның мақсаты үшін экономикалық  шпионаж жасауға пайдаланады.
Билік органдарының беделін түсіру (дискредитация) – сектанттар арқылы билік органдарының бір жағынан мықты және әлсіз   екендігін жария ете отырып, азаматтардың діни құқын қорғау азаматтардың көзінше биліктің беделін түсіріп, мемлекетке деген сенімсіздік тудырады.

Орталық қызметінің негізгі мақсаты:
- деструктивтік діни тоталитарлық ағымдар туралы шынайы ақпараттарды тарату, олардың қызметінен жапа шеккендерге көмек көрсету. Деструктивткі бағыттағы, тоталитарлық ұйымдар тарапынан психологиялық қысым көрген адамдарға ақпараттық-консультативтік, әлеуметтік, психологиялық және заңдық тұрғыда кеңестер беру болып табылады.

Орталық қызметінің негізгі түрлері және міндеттері:
- деструктивтік діни ағымдардың теріс әсері туралы ақпараттарды БАҚ арқылы насихаттау;
- деструктивтік діни ағымдардың  қызметтерінен жапа шекендерге көмек көрсету;
- деструктивтік діни ағымдарға қарсы  күресте басқа елдердің антисекталық ұйымдарымен өзара бірлесіп қызмет ету;
- ғылыми зерттеу, кеңес беру, дәріс оқу;
- деструктивтік діни ағымдардың теріс әсері туралы ақпараттарды оқушылар арасында тиімді насихаттау мақсатында орта, орта- арнаулы және жоғары оқу орындары, мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтасу;
- экстремизм мен терроризмге қарсы үгіт-насихат;
- қайрымдылық шараларын өткізу;
- баспа қызметін  жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарында және одан тыс жерлерде бірлестік қызметін насихаттау.
- Орталықтың қызметі бойынша кәсіпкерліктен түскен табыстар құрылтайшылар арасында бөлінбейді және тек қана жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Орталық қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануға рұқсат етіледі.

Орталықтың қызметі келесі негізгі бағыттарды ұстанады:
- Қазақстандық заңнама, халықаралық және европалық  құқық нормаларына сәйкес сот және әкімшілік тәжірибелеріне сүйене отырып, адам құқығын қорғаудың механизмдерін дамыту.
- Қазақстан Республикасында ашық, демократиялық қоғам құруға атсалысу. Тәуелсіз сараптама, қоғамдық мониторингтар жүргізу арқылы үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлін арттыру.
- адамдардың жан-жақты бостандығын қамтамасыз ету.
- әр адамға дағдарыс жағдайында туындаған, психологиялық қысым мен мәжбүрлеуге байланысты   толыққанды, сапалы кәсіби көмек алуға жағдай туғызу.

Орталықтың мекен-жайымы байланыс телефондары
Қазақстан Республикасы, 09000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Д.Нурпейсова көшесі 12, каб.4.
Қызмет телефоны: 8(7112) 51-46-80
Ресми сайты: Antisektazko.kz 
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua