«БІР ЕЛ – БІР КІТАП» акциясы

Республикалық «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» акциясы аясында жалпыхалықтық оқылатын белгілі қазақ жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің шығармалары таңдалып алынды.

Аталмыш шараға байланысты оқырмандар конференциясы М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасында болып өтті.
Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлесе өткізілген іс-шараға «Қайдасың, қасқа құлыным» повесінің ерекшеліктерін тарқатқан ф.ғ.к., БҚМУ құрметті профессоры С.Ғ.Шарабасов, «Оралхан Бөкей прозасындағы психологизм және мифтік сананың көрінісі» атты баяндамасымен ф.ғ.к., БҚМУ қауымдастырылған профессоры Р.Б. Сұлтанғалиева, БҚМУ ғалымдары мен студенттері, бөлім қызметкерлері қатысты.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 2101-топ студенттері А.Қожымберлиева, А. Сағитжан, М.Алтыбайқызы Оралхан Бөкейдің «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесінің поэтикасын, «Жетім бота» повесінен портретін, «Апамның астауы» әңгімесінен этнографиялық үзіктер оқыды.
«Оралхан Бөкей шығармаларын оқу» байқауының жүлдегерлері 2202-топ студенті Н.Әмірашев «Зағиптар» әңгімесінен үзік, 2205-топ студенті Т.Зайнулина «Қайдасың, қасқа құлыным?» повесінен үзік оқыса, 2303-топ студенті Ж.Ерманова «Айпара ана» шығармасынан үзінді оқып оқырмандар конференциясын қыздыра түсті.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua