Справочные издания

Экономикалық орысша-қазақша сөздік / Жалпы редакциясын басқарған академик А. Қошанов — Алматы: Дайк-Пресс, 2008. - 1164 бет.

Сөздікте экономиканың өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, сауда, көлік, халықаралық экономикалық катынастар, қаржы, банктер, сақтандыру ісі, салықтар, жарнама, сауда, патенттер, лицензиялар, кеден тәртіптемесі, аукциондар секілді салаларының 100 мыңға жуық терминдері мен терминологиялық сөз тіркестері қамтылған.

В Словаре представлены около 100 тысяч терминов и терминологических словосочетаний, отражающих такие сферы рыночной экономики, как промышленность, сельское хозяйство, транспорт, торговля, финансы, банки, страховое дело, налоги, арбитраж, аукцион, патенты, лизенции, таможенное дело и др.

Саяси түсіндірме сөздік. - Алматы, 2007. -616 бет.

Түсіндірме сөздікке екі мыңнан аса саясаттану, жаһандану, әлеуметтану, мәдениеттану салаларының терминдері мен анықтамалары енгізіліп, оларға ғылыми тұрғыда түсініктеме берілді. Ежелгі Шығыс, Батыс елдерінің және Ресей мен Қазақстандағы саясаттану мектептері мен ағымдарының түсініктері жан-жақты қамтылды.

Кітап орта және жоғары білім ордаларына, саясаттанушыларға, әлеуметтанушыларға, мәдениеттанушыларға және калың оқырманға арналған.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі /Жалпы ред. Т. Жанұзақов. — Алматы: Дайк-Пресс, 2008. — 968 б.

Қазақ тілінің бір томдық түсіндірме сөздігінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында жиі пайдаланылатын, дағдылы сөздермен қатар көпшілікке арналған ғылыми әдебиетте, мерзімді баспасөз тілінде қолданылатын терминдер мен атаулар, тұрақты тіркестер қамтылды.

Сөздік казақ тілінің бүкіл лексикалық байлығын жете меңгеруге ден қойған барша оқырман қауымға арналады.

Казахско-русский словарь: около 50 000 слов / Под ред. чл.-корр. НАН РК Р. Г. Сыздыковой, проф. К. Ш. Хусаина. — Алматы: Дайк-Пресс. 2008. - 962 с.

Қазіргі қазақ әдеби тілінің 50 мыңға жуық сөзін қамтитын сөздікке жалпы қолданыстағы лексикаға қоса көне сөздер мен неологизмдер де енгізілген. Орта мектеп оқушыларына, студенттер мен оқытушыларға, ғылыми қызметшілер мен аудармашыларға, баспасөз, радио және телевизия қызметкерлеріне арналған сөздік сондай-ақ қазақ тілін жетік білгісі келетіндерге де нақты нормативтік анықтамалық құрал бола алады.

Казахско-русский словарь содержит около 50 тысяч слов современного казахского литературного языка, включает не только устаревшие слова, но и слова, вошедшие в лексику в последние годы.

Словарь представляет собой нормативное справочное пособие, предназначенное для широкого круга читателей: учащихся средних школ, студентов, преподавателей, научных работников, переводчиков, работников печати, радио, телевидения и для всех тех, кто стремится овладеть лексическим богатством казахского языка.

Сапарбаев Ә.Ж., Мақұлова А.Т. Экономикалық-математикалық сөздік. Алматы:Бастау, 2008. - 352 б.

Сөздік, негізінен, экономика саласында тіпті кәсіпкерлікпен айналысатын экономистерге, экономикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сонымен қатар нарық жүйесінде тиімді басқару мәселелерімен шұғылданатын қызметкерлерге, ғылыми зерттеулермен шұғылданып жүрген докторанттарға, аспиранттарға және магистранттарға ұсынылып отыр.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua