Философия

XХ ғасыр басындағы қазақ философиясы. Жиырма томдық. 11-том. Астана: Аударма, 2008. - 464 бет.

Бұл том қазақтың өткен ғасырдағы алғашқы кәсіби философы болып саналатын данышпан Шәкәрімнің еңбектерінен басталады. Сонымен қатар осы еңбекке Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Ғұмар Қараштың, Мағжан Жұмабаевтың, Әлихан Бекейхановтың, Міржақып Дулатовтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Мұстафа Шоқайдың шығармаларынан үзінділер және оларға берілген ғылыми түсініктемелер енген.

Бұл туынды өте бай қазақ философиялық ойына, қазақтың ұлттық идеясына қызығушылық танытып жүрген студенттер мен магистранттарға, аспиранттар мен докторанттарға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Қазақ этикасы және эстетикасы.- Жиырма томдық.12-том.Астана: Аударма, 2007. - 496 бет.

Бұл том үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қазақ этикасы және эстетикасы жөнінде мәтіндер берілген. Оған бата беру, бесік тәрбиесі, отау құру тағылымы сияқты көркем формада берілген, қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі әдеп талаптарына сай адамға ізгі тілек білдіру мәтіндері жатады.

Томның екінші бөлімінде қазақ этикасының қалыптасуы, оның негізгі ұстындары мен категориялары және қазақ әдеп жүйесінің көрнекті тұлғаларының ғылыми-зерттеу мақалалары беріледі.

Томның үшінші бөлімі қазақ эстетикасының типтік белгілері, қазақ көркем өнері қалыптасуынын басты кезеңдері және Қазақстан эстетиктері, өнертанушылары мен философтарының философиялық мәселелерге арналған зерттеу еңбектерінен тұрады.

Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 19-том. «Қазіргі мұсылман философиясы». - Алматы: Жазушы, 2008. - 536 б.

Бұл томда тұңғыш рет қазіргі мұсылман философиясы әлеуметтік-мәдени шеңберде зерттеліп, мұсылман даналығынын тарихи-философиялық көздері, інжу-маржандары, ондағы негізгі мектептер мен ағымдар антологиялық ұстанмен берілген.

Кітап студенттер мен магистранттарға, ғылыми қызметкерлерге және жалпы оқырман қауымға арналған.

Нұрышева Г.Ж.Философия тарихы: Оқу құралы.-Алматы.:Зият Пресс,2008.-180 б.

Оқу құралында философия тарихының алғашқы кезеңдері Көне Үнді, Қытай және Греция философиясының негізгі даму сатылары,ерекшеліктері,басты ұғымдары мен өкілдері туралы баяндалып, философиялық тұлғалардың еңбектері қазақ тіліне аударылып берілген.

Кітапта жоғары оқу орындарының студенттеріне, ғылыми ізденіс жүргізушілерге және философия ғылымына қызығушылық танытушы көпшілік қауымға арналған.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua