Қос дипломды білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ

 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (БҚМУ) мен Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті (СМУ) арасындағы қос дипломды білім беру саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талдау мақсатында 2019 жылдың 26-28 ақпаны аралығында оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы Ә.С.Тасмағамбетов бастаған БҚМУ ғалымдары: қос дипломды білім беру бөлімінің жетекшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Г.С.Гумаров, филология факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ә.С.Мұханбетқалиев,  педагогика және психология кафедрасының доценты, тарих ғылымдарының докторы Н.Ә.Әділбаева,  орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Г.С.Умаровалар  Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университетіне (Ресей Федерациясы) іссапарға барды.  Сапардың негізгі мақсаты бакалавриат пен магистратураның қос дипломды білім беру бағдарламаларын талқылап келісу мен дайындау болды.

 

Сапар бағдарламасында бірінші күні СМУ ректоры, профессор А.Н.Чумаченко БҚМУ делегациясын қабылдады. Кездесу барысында бакалавриат пен магистратураның қос дипломды білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Университет қос дипломды білім беруде тағы бір мәрте үлкен нәтижеге қол жеткізді. 

Келесі күні «М.Өтемісов атындағы БҚМУ мен Н.Г.Чернышевский атындағы СМУ арасында қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел нәтижесінде, оқу үрдісіне қос дипломды білім беру бағдарламаларын енгізудің жол картасының жобасы әзірленіп, мазмұны талқыланды және орындау мерзімі, жауапты тұлғалары анықталып, әрбір шараның аяқтау түрі белгіленді. Дөңгелек үстел соңында жол картасына басшылық құрамы қол қойып, ресми түрде бекітті.

 

DSC04881DSC04841DSC04844DSC04868DSC04870

10 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua