БҚМУ мен Шыңғырлау ауданы меморандумға қол қойды

IMG 1725 mini

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан тарихи-археологиялық жәдігерлерді зерттеп, танып білу мақсатындағы бірлескен жұмыстар барысын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында сөз алған университет ректоры Н.Х. Серғалиев аталған бағдарлама аясында университетте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Шараға арнайы қатысқан Шыңғырлау ауданының әкімі А.Т. Есалиев сөз алып, ауданның тарихи жәдігерлерге толы екендігін, тарихи ескерткіштерге археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде аймақтағы далалық зерттеулердің маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да осы жұмыстарға қолдау білдіретінін жеткізді. 2018 жылдың маусым айында университет ректоры Н.Х. Серғалиевтің тікелей қолдауымен «Тарих» мамандығының 1-курс студенттерімен Шыңғырлау ауданы Сегізсай (Лебедевка) кешенінде жасалған археологиялық зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасаған т.ғ.к., М.Д. Қалменов экспедиция жұмысының нәтижелері туралы баяндама жасады. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Тарих» мамандығының 2 курс студенттері экспедиция барысынан өз ойларын ортаға салды. Шара соңында жаңа тарихи жәдігерлерді зерттеп, танып білу мақсатында бірлескен жұмыстарды айқындайтын университет пен Шыңғырлау ауданының әкімдігі арасында екі жақты келісілген меморандумға қол қойылды.

IMG 1704 mini

IMG 1730 mini

IMG 1760 mini

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua