«КАZКОN» кондитерлік фабрикасы өкілдерінің университет студенттерімен кездесуі

19.04.2018 ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің акт залында «КАZКОN» кондитерлік фабрикасы өкілдерінің студенттермен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге университеттің 2-4 курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында фабриканың бас директоры Марат Жаулыбайұлы Каженов компанияның құрылу тарихы, қазіргі тыныс-тіршілігі, шығаратын өнімдері туралы толық мағлұмат беріп өтті. Сондай-ақ компанияның басқа да өкілдері сөз алып, өздерінің жеткен жетістіктері туралы баяндады. Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды.

Кездесу соңында студенттер сауалнамалар толтырды.

Компания ұжымы сондай-ақ студенттер үшін арнайы соңғы үш жылда шыққан әлемдік деңгейдегі менеджмент, маркетинг, сату, ұйымды басқару бағытындағы кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua