М.Өтемісов атындағы БҚМУ Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов және АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті Ғани Сақтағанұлы Нығыметовпен кездесуі өтті

1 52016 жылдың 6 қыркүйегінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов және АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті Ғани Сақтағанұлы Нығыметовпен кездесуі өтті.

Кездесуге М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, БҚИТУ, БҚИжТЖУ студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы, денсаулық сақтау саласының жас мамандары, мәдениет саласының жас мамандары, қалалық өндірістік кәсіпорындарындағы ЖІЖК өкілдері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшылары, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық өкілдері, ауыл жастарының өкілдері, БҚО ойынша «Болашақ» корпоративті фонды өкілдері, БҚО «Болашақ» халықаралық бағдарламасы түлектері шақырылды.

1 1 1 2  1 41 3  1 6

 

 

 

 

 

Кездесуді алғы сөзімен БҚО әкімі А.С.Көлгінов ашты. Өз алғы сөзінде әкім жастарға ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атындағы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы секілді бірегей мүмкіндікті қолдануға үндеп, оқу және шығармашылық табыс тіледі.

Одан кейін АҚ «халықаралық бағдарламалар орталығы» президенті Ғ.С.Нығыметов халықаралық «Болашақ» бағдарламасы туралы толық ақпаратты ұсынып, қатысушы аудиториямен қызу кеңес-әңгіме жүргізді және туындаған сұрақтарға жауап берді. 

Кездесуді М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры А.С.Иманғалиев өз сөзімен аяқтады. Ол БҚО әкімі А.С.Көлгінов пен АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» президенті Ғ.С.Нығыметовті керемет кездесу өткізу мүмкіндігі мен қызықты кеңес-әңгімелері үшін алғысын білдірді. 

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua