Болашақ сабақтары

alzhanova 1«Болашақ сабақтары» жобасы аясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің биология және экология кафедрасының доценті, а.ш.ғ.к. Б.С.Альжанова «Топырақтың антропогенді бұзылыстары және ғаламдық экологиялық проблемалар» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

«Болашақ сабақтарының» мақсаты - «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің мысалында университетті бітіруші түлектердің ЖОО-нан кейінгі кәсіби біліктіліктерін арттыруға ынталандыру.

Дәріс барысында топырақ жамылғысы бұзылысының қазіргі кездегі проблемаларына жан-жақты талдау жасалып, осы мәселелерді шешу жолдары мен бағыттары қарастырылды.

Сондай ақ қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелелер, атап айтқанда, «Болашак» бағдарламасы, шетелде оқу үрдісін ұйымдастыру, талапкерлерге қойылатын талаптар туралы жан жақты мағлұмат алды.

Қатысушылардың «Сіздің осындай жетістіктерге жетуіңіздің сыры неде? деген сұрағына Багдагул Сактагановна: «Менің жетістіктерге жету «кілтім» – ерінбей-жалықпай тынымсыз еңбек ету, таңдаған мамандығым бойынша терең білім алу, жауапкершілікті сезіну мен тындырымдылық» – деп жауап берді.

Осы шараға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Биология», «Экология», «Химия» мамандықтары және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша бітіруші курстардың 80-нен астам білім алушылары және профессор оқытушылар қауымы қатысты. 

Қатысушылар дәрістің жоғары сапада өткізілгенін атап өтіп және осындай шаралар жалғасын тапса деп тілек білдірді.

alzhanova 2 alzhanova 3 alzhanova 4 alzhanova 5

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua