М. Өтемісов ат. БҚМУ-нің мәжіліс залында ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы жөнінде онлайн-брифингі өтті

brifing1

Құрметті әріптестер, 2015 жылғы бітіруші түлектер!

 

17.04.2015 ж.  М. Өтемісов ат. БҚМУ-нің 205-мәжіліс залында АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығының» өкілдерімен Қазақстан Республикасының Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы жөнінде онлайн-брифингі өтті. Кездесуге қызығушылық танытқан, «Болашақ» бағдарламасының болашақ үміткерлері: М. Өтемісов ат. БҚМУ мамандықтардың бітіруші түлектері, магистранттары, жас ғалым-магистрлер, оқытушы-профессорлық құрамы және қызметкерлері қатысты.

brifing3

«Болашақ» бағдарламасы елдiң мамандар қорын қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарады. Еліміз бағдарлама тәрбиеленушiлерін мемлекет пен қоғамның тiршiлiк әрекетiнің барлық үрдістерінің белсендi қатысушылары ретінде көредi. Әрбiр бiтiрушi түлектің жеке және жалпы күш-жігерінің, қажыр-қайратының және өнер-білімінің шашырамай Қазақстанның өркендеуі мен дамуына бағытталуы біз үшін маңызды. Және осы орайда «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектердің кәсіби өзіндік дамуы және жетістікті мансаптық өсуінде, әр тұлғаның жеке дамуы мен жұмысқа орналасуы үшін өте маңызды кепіліне айналды. 

Бағдарламаға қатысудың керемет мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

 

brifing2

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua