ҚР Білім және ғылым министрлігі Тәжікстан Республикасының Жоғары оқу орындарында оқуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2000 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат (40 орын) және магистратура (10 орын) бағдарламалары бойынша оқуға конкурс жариялайды.
Келісімге сәйкес қарастырылған:
- тегін оқыту;
- ЖОО жатақханасында тұру;
- білім алушыларға арналған стипендия (шамамен 4000 теңге).
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ СОҢҒЫ МЕРЗІМІ-2018 ЖЫЛҒЫ 20 МАМЫР.
Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемдері:
- білім туралы құжаттың орташа балы
Шетелде, соның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға арналған жолдама ережелеріне сәйкес аттестаттың орташа балы 5,0-ден 4,5-ке сәйкес болуы тиіс; 4.0-ден GPA 3.0 бакалавр дипломы.
Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет::
шетелде оқуға негіздеме-өтініш (еркін нысанда);
қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелге оқуға кететін Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы;
жеке куәліктің және/немесе ұлттық паспорттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған));
мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған));
- мектеп түлектері үшін: 9 сынып үшін куәлік, 10-11 сынып үшін үлгерімі туралы мектеп мөрімен расталған табель,мектеп директорымен расталған мектеп бітірушінің мәртебесі туралы анықтама;
- студенттер үшін: дипломның немесе аттестаттың нотариалды расталған көшірмелері және сынақ кітапшасынан үзінді (немесе транскрипт), оқу бөлімімен расталған ЖОО бітірушінің мәртебесі туралы анықтама.
"Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысан бойынша Медициналық анықтама);
бар болған жағдайда грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері;
ұсыным хаттар, бар болған жағдайда;
транскрипт (бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетімен түскен немесе оқитын адамдар үшін). Бұл ретте нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аударма ұсынылады.
Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындары мен мамандықтары бойынша ақпарат қоса беріледі (Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған қабылдау жоспары).
Өтінімді 2 папкада жасау қажет (1 түпнұсқа, 1 көшірме).
Құжаттар құжат тігілетін папкаға тігіледі. Құжат тігілетін мұқабада: аты-жөні, мекен-жайы, телефоны, болжамды білім беру ұйымының атауы, мамандығы көрсетілуі қажет.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 09.00–ден 17.30 – ға дейін (13.00-14.30-түскі үзіліс) Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік Ел көшесі, 8, "Алтын Орда" БО, 5 қабат, 501 кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Тел.: + 7 (7172) 24-93-86.
 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua