Польша Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына гранттар ұсынады

Польша Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2016 жылғы 3 маусымдағы № 328 бакалавриат (3 орын), магистратура (4 орын) және докторантура (4 орын) бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы келісім шеңберіндегі гранттар ұсынады.
Келісім шеңберінде:
тегін оқыту
ЖОО жатақханасында ақылы негізде тұру мүмкіндігі (шамамен 80-150 евро))
докторантура бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған стипендия (шамамен 300 евро)
Польша Жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқитын ҚР азаматтарының шығындарын студенттер өз қаражаты есебінен өтейді.
Факультеттер мен оқу орындарының өзекті тізімі сайтта қолжетімді: www.nawa.gov.pl, http://go-poland.pl/ru/higher-education-institutions
Келесі құжаттар пакетін "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, каб.мекен-жайы бойынша ұсыну қажет. 501:
Бір данада:
шетелде оқуға негіздеме-өтініш (еркін нысанда);
қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелге оқуға кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының толтырылған сауалнамасы;
ағымдағы аппликациялық формастипендиялық бағдарлама (толық толтырылған, басып шығарылған және өтініш беруші қол қойған);
жеке куәліктің және/немесе ұлттық паспорттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған));
мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған));
шет тілін білгенін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL, HSK), бар болса;
"Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысан бойынша Медициналық анықтама);
бар болған жағдайда грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері;
ұсыным хаттар, бар болған жағдайда;
транскрипт (бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетімен түскен немесе оқитын адамдар үшін). Бұл ретте нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аударма ұсынылады;
таңдалған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);
бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдардың немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелердің тізбесі (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін).
Екі данада (стипендия берілген жағдайда, сондай-ақ құжаттарды Польша Елшілігіне ағылшын тілінде тапсыру қажет):
- ағымдағы аппликациялық формастипендиялық бағдарлама (толық толтырылған, басып шығарылған және өтініш беруші қол қойған);
- орта білім туралы аттестаттың көшірмесі;
- бағалары бар дипломдардың көшірмелері;
- 2 профессордан ұсыныс хаттар;
-үміткердің ғылыми жобасы қабылдаушы мекемеде орындалуы мүмкін екендігі расталған жоғары оқу орны немесе таңдалған ғылыми ұйымның қызметкері берген оқуға қабылдауға келісім (бар болса););
- басқа құжаттар (шет тілін білуді растайтын сертификаттар және т. б.).
Өтінімді үш көшірме түрінде жасау қажет.
Құжаттар құжат тігілетін папкаға тігіледі. Құжат тігілетін мұқабада: аты-жөні, мекен-жайы, телефоны, болжамды білім беру ұйымының атауы, мамандығы көрсетілуі қажет.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 09.00–ден 18.30 – ға дейін (13.00-14.30-түскі үзіліс) Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік Ел көшесі, 8, "Алтын Орда" БО, 5 қабат, 501 кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Тел.: + 7 (7172) 24-93-86.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2018 жылдың 13 сәуіріне дейін.
Түпкілікті шешімді поляк тарапы қабылдайды.


Құрметпен,
Халықаралық ынтымақтастық департаменті 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua