Малайзия ғылым және технологиялар университеті

Малайзия ғылым және технологиялар университеті (Malaysia University of Science and Technology) – бұл Малайзияның жетекші университеті. 2000 жылы Массачусетс технологиялық институтының (MIT) көмегімен құрылды. Сондықтан университеттің барлық бағдарламалары болашақ кәсіпорындар мен жұмыс орындарының қажеттілігін ескере отырып, MIT сияқты әлемдік университетті оқыту стилі бойынша құрылды. Бүгінде көптеген түлектер әлемнің жетекші корпорацияларында жұмыс істейді: Таяу Шығыстан Қытайға дейін, Сингапурдан Австралияға дейін.
Магистратура бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген үміткерлер үшін университет 5 орынды ұсынады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
CGPA 2.5 (4 балдық жүйе бойынша) немесе CGPA 3.2 (5 балдық жүйе бойынша) және одан жоғары бакалавр дипломы;
Егер CGPA 2.5-ден кем болса (4 балдық жүйе бойынша) немесе CGPA 3.2-ден кем болса (5 балдық жүйе бойынша), тиісті салада кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі талап етіледі;
IELTS 6.0 немесе TOEFL 550 және одан жоғары;
Мамандықтар тізімі:
- Master of Business Administration;
- Master of Science in Construction Engineering and Management;
- Master of Science in Energy and Environment;
- Master of Science in Information Technology;
- Master of Science in Systems Engineering and Management;
- Master of Science in Transportation and Logistic.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 23 Сәуір, 2018.
Үміткерлер " ХБО " АҚ келесі құжаттарды ұсынуы қажет»:
- Паспорттың бірінші бетінің түпнұсқасы мен көшірмесі.
- Орта мектепті бітіргені туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі
- Ағылшын тіліне нотариалды расталған аудармасымен транскрипциясы бар бакалавр дипломының түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқалар салыстырылып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
- IELTS немесе TOEFL тілін білу сертификаты
- Үміткердің толтырылған сауалнамасы (фотосуретімен), қосымшада
- Ағылшын тіліне аудармасымен нотариалды расталған еңбек кітабы (талап етілгеннен төмен деңгейі бар үміткерлер үшін)
- Грамоталар, сертификаттар (бар болса)
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады.
Грант тек оқуды жабады.
Құжаттар құжат тігілетін папкаға тігіледі. Құжат тігілетін мұқабада: аты-жөні, мекен-жайы, Байланыс телефоны, электрондық мекен-жайы, мамандығы көрсетілген ЖОО көрсетілуі қажет. Құжаттар толық болған жағдайда ғана мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік Ел көшесі 8, "Алтын Орда" БО 5 қабат, 507 кабинет.Сұрақтар туындаған жағдайда, нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз
+7 (7172) 24-93-96, 76-90-92, 76-91-04, 76-90-44
Малайзиядағы өмір
1 USDollar – 3.91 MalaysianRinggit
Малайзияда тұру құны туралы жалпы ақпарат (студенттердің тұруы, тамақтану, виза және т. б.)
Студенттерге арналған Хостел RM 400 тұр коммуналдық қызметтерді шегергенде, тамақ 7 RM тұрады. Визаға өтінім шамамен 750 АҚШ доллары, депозит — 360 АҚШ доллары (университетке), тіркеу үшін алым-200 АҚШ доллары

 

Құрметпен,
Халықаралық ынтымақтастық департаменті

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua