«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім алып жатырған студенттер арасында ойын-сауық сайысы

1«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында 

білім алып жатырған студенттер арасында «Студенттік өмір – игі өмірдің бастауы» атты ойын-сауық сайысының

ЕСЕБІ

«Жастар жарқын болашақ үшін!» атты акциясы

15-10-60М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің "Серпін" жастары қыркүйек айының 23 күні, Орал қаласында өткен "Жастар жарқын болашақ үшін!" атты акциясына белсене қатысты.

 

 

«Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форум

15-10-5723 қыркүйек күні Елбасымыз "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында: "Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын",- деген болатын. Тәуелсіздікті баянды етіп, Мәңгілік Ел мұраттарына жету үшін бірлігіміз бен ынтымағымызға селкеу түсірмей, көздің қарашығындай сақтау басты парызымыз. Серпін жастары бүгін Қ.Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында өткен "Ырыс алды - ынтымақ" қоғамдық форумына белсене ат салысты. Жалынды жастарға маңызды бірнеше баяндамалар оқылған болатын. "Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жыл" тақырыбын БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының басшысы Ғайса Хамедуллаұлы Қапақов баяндады.

«Парасат орденінің» кавалері, Ұлы Отан соғысының ардагерімен кездесу

15-10-52 500x375 22 қыркүйек күні Сафин Хамза Абдрахманұлы әрине Серпіндіктерге тансық есім болғанымен ол кісі "Парасат орденінің" кавалері, Ұлы Отан соғысының ардагері. Бүгін бізге сол аты аңызға айналған, өмірі өнегелі жанмен кездесу өтті.

 

Грант иемденген студенттердің шығармашылық шыңдалу жолында ерекше бастама болатындай кастинг өтті

15-10-47 500x35821 қыркүйек күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-не «Серпін-2050» бағдарламасы негізінде грант иемденген студенттердің шығармашылық шыңдалу жолында ерекше бастама болатындай кастинг өткен болатын. Кастингкке 11 тәлімгермен, 81 студент қатысты. Кастинг өте қызықты, әрі тартысты өтті. Сонымен қатар, дарынды студенттеріміз өздерінің сан қилы өнерлерімен тәлімгерлерді және көрермендерді баурап алды. 

БҚМУ №1,2 жатақхана студенттеріне арнап «ГИТАРА PARTY» ұйымдастырылды

15-10-44 500x377М.Өтемісов атындағы БҚМУ №1,2 жатақхана студенттеріне арнап «ГИТАРА PARTY» ұйымдастырылған болатын. Сабаққа енді ғана үйренісiп келе жатырған СЕРПІНДІК студент-жастар танымал әншілердің көптеген әндерін жоғары деңгейде орындап, ауылдағы ата-анаға, өзге қаладағы өздері секілді студент достарына да арналған әндерді сағынышпен шырқады. 2,3-курс студенттері 1-курс студенттеріне естен кетпес қызықты кеш сыйлады. 

«Серпін-2050» жобасы қатысушыларымен кездесу

15-10-42 500x501М.Өтемісов атындағы БҚМУ жастар даму орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» «Серпін-2050» жобасы қатысушыларының 1 курс студенттері үшін кезекті тәрбиелік мәні зор түсіндіру жұмыстары, яғни, университеттің белсенді жастары, қоғамдық бірлестіктердің төраға, төрайымдарымен кездесу болып өтті. Шараның басты мақсаты студенттердің патриоттық сезімін арттыру, талмай еңбек етуге үйрету, қоғамдық бірлестіктер жайында ақпарат беру, белсенді жастардың қатарына 1 курс студенттерін тарту, университеттің және жатақхананың тәртіптері және талаптарымен таныстыру.

«Есірткісіз жарқын болашақ!» атты семинар-треннинг

15-10-35 500x374Университет студенттері үшін қыркүйек айының 19 күні ерекше пайдалы кеңестерге толы күн болды. Себебі, бас ғимаратымыздың акт залында 1-2 курс студенттері,  «Серпін» жастарына салауатты өмір салтын ұстану мақсатында "Есірткісіз жарқын болашақ!" атты семинар-треннинг өткізілді. Бұл жиналысқа БҚО Ішкі саясат басқармасының маманы Құрманиязова Гүлден Талапқызы, БҚО жастар ресурстық орталығы бөлім басшысы Уәлиахмет Данияр Аманқосұлы, БҚО Ішкі істер департаменті "Есірткіге қарсы" бөлімше басшысы Жәнібек Берік Аманғалиұлы, "БҚО жастар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Сатыбалдиев Мерке Биғалиұлы сынды облысымызға белгілі тұлғалар қонаққа шақырылды.

«Серпін 2050» бағдарламасымен білім қуып келген студенттердің бас сардарын тағайындау кезекті сайлауы

15-10-31Қыркүйек айының 18 жұлдызы, бас ғимарат акт залында "Серпін 2050" "Мәңгілік ел жастары - индустрияға" бағдарламасымен киелі қара шаңырағымызға білім қуып келген студенттердің бас сардарын тағайындау мақсатында кезекті сайлау болып өтті. Сайлауға "Серпін" бағдарламасымен оқып жатқан "Химия" мамандығының 2 курс студенті Мұзаппар Нұржан жəне "Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету" мамандығының 1 курс студенті Алданиязов Еркебұлан өз кандидатурасын ұсынып, баяндама оқыды. Нәтижесінде 231 дауыспен Мұзаппар Нұржан жеңіске жетіп, Серпін "бас сардары" атанды. Келгеніне аз уақыт болса да өзіне артылған сенімді жауапкершілікпен атқаратынын дәлелдеп үлгерген Еркебұланға 98 серпіндік дауыс берді. 

«Әлеуметтік желінінің ҮЗДІК қолданушысы» онлайн-сайысы

15-10-20 500x668Серпін-2050 "Мәңгілік ел жастары индустрияға" атты бағдарлама аясында оқуға түскен студенттерінің топбасшысына үміткерлер арасында "Әлеуметтік желінінің ҮЗДІК қолданушысы" онлайн-сайысы оздырылып, сайыс қорытындысы бойынша Онгарбаева Аяулым Жумартқызы жеңіске жетті. 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla