«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы студенттер, университет ректорының алғыс хатымен марапатталды

9-06-7Мамыр айының 18 күні серпіндіктер үшін ерекше күн болды. Өйткені, университетіміздің дамуына, профессор – оқытушылар ұжымына көрсетіп жүрген зор көмегі мен оқу, ғылым, тәрбие жұмыстары бойынша өтетін мерекелік шараларды ұйымдастыруда өз үлестерін қосып, қалалық, облыстық, республикалық шараларда жоғары деңгейде көрініп жүрген  «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін 2050» әлеуметтік  жобасы аясында білім алушы студенттер, университет ректорының алғыс хатымен марапатталған болатын.

«Аламан 2016» фестивалі

9-06-12016 жылы 13-14 мамыр күндері Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел жастары- индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Батыс Қазақстан облысында білім алушы жастар арасында  облыстық «Аламан 2016» фестивалі өтті. Фестиваль мақсаты- мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастар белсенділігін арттыру, жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен шығармашылық қабілетін арттыру, олардың әлеуметтік бастамаларына қолдау жасау.

Жексенбілік демалыс

21-4-5М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің серпін жастары бос уақыттарын қалт жібермей, жексенбі күндерін сәтті өткізу үшін университетіміздің агробиостанция кешенінде болып қайтты.

Демалыс күні таңғы жаттығудан басталып,, студенттерді 5 командаға жасақтап топпен бірге түрлі ойындар өткізілді. Таныстыру, эстафеталық ойындар, арқан тартыс, турникке тартылу сынды спорттық шаралар мен қызықты трейнингтер ән, би және  "аралдар" ойынындағы тапсырмалар да студенттердің көңілінен шықты. Шараға қатысқан студенттер жұдырықтай жұмылып белсенділік танытты.

Өнерлінің өрісі кең

21-4-1#Өнер –халық тарихының асыл шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның ішкі дүниесінің әртүрлі сезімі бейнеленеді. Сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырлық тарихының көзіндей болып, алуан түрлі сыр шертеді. #Өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, болашақ үшін тарих сахнасына айналады.

Серпін жастарымен кездесу

13-04-1Сәуір айының 8 жұлдызында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының Республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы – Мұрат Абдуламитұлы Әбенов  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Серпін – 2050» жобасы аясында білім алып жатқан студенттермен кездесу өткізген болатын. Кездесуге бағдарлама бойынша білім алушы барлық студенттер және университет ұстаздары қатысты.

Шынықсаң, шымыр боласың!

8SsjYIlJWJg 500x376#Серпіндік жастардың арасында университетішілік көктемгі #Аламан -  2016 фестивальның #Шынықсаң, шымыр боласың! атты бірінші кезеңінде спорттың волейбол, футбол, тоғызқұмалақ секілді ойын түрлерінен сайыс өткізілген болатын.Сайысқа қатысқан студенттеріміз жұдырықтай жұмылып белсенділік танытты. Біздің студенттеріміз  спортты жанына  серік еткен, «Денсаулық - зор байлық»,-деп білетін ойы отты, жанары жалынды жастар.

Бірлік болмай - тірлік болмас

FG51ir5ketE 500x334Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

Н.Ә.Назарбаев

«Серпін» студенттері Қазақстан - Орал телеарнасының «Күншуақ» бағдарламасына сұхбат берді

IG1VD3uamFw 500x281Наурыз айының 28 күні таңертеңгі көңіл - күймен «Серпін» студенттері Қазақстан - Орал телеарнасының "Күншуақ" бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысы "Серпін" бағдарламасы жайлы өрбіді. Тікелей эфирде студенттердің ата- аналарылары хабарласып "Серпін-2050" жобасы мен университет әкімшілігіне шексіз ризашылығын білдірді. 

Наурыз мерекесін наурыз айының 21 күні №2 жатақхананың тұрғындары мен белсенді студенттері керемет атап өтті

Ar9fpaUBegY 500x375Жаңашылдық пен бауырмалдылық, туыстықтың мерекесі наурыз мерекесін наурыз айының 21 күні  №2 жатақхананың тұрғындары мен белсенді студенттері керемет атап өтті. Жатақхананың оқу залында концерттік бағдарлама  ұйымдастырылып, тоғызқұмалақ, дойбы, асық ату, қол күрес сынды ұлттық ойындардан жарыс өткізілді. 

"Біздің қуатымыз бірлікте" атты республикалық форумы

FE2aUINkdrc 500x411М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Серпін» жастары Елбасының қатысуымен өткен "Біздің қуатымыз бірлікте" атты республикалық форумына белсенді қатысқан болатын.

 

Тағы мақалалар...

  1. «Аламан 2016» фестивалінің «Жалынды сардар» атты 5-кезең
  2. «Менің таңдауым, менің болашағым» акциясы
  3. Университетшілік көктемгі «Аламан 2016» фестивалінің «Мамандығым-мақтанышым»
  4. Университетшілік көктемгі «Аламан 2016» фестивалінің «Серпін асқақ ұраным»
  5. Университетшілік көктемгі «Аламан 2016» фестивалінің «Менің мақтан тұтар мекендерім»
  6. Университетішілік көктемгі «АЛАМАН-2016» фестивалінің бірінші кезеңі «Шынықсаң шымыр боларсың»
  7. "Мәңгілік ел жастары индустрияға" "Серпін 2050" жобасының білім алушы студенттеріне жаңа кеңсе бұйырған болатын.
  8. ''Серпін 2050'' жобасының білім алушы белсенді студенттерінің қатысуымен семинар өтті.
  9. ''Serpin-Start-Up'' (жаңа бизнес жобаларды жарыққа шығару) мақсатында ''Мәңгілік ел жастары индустрияға'' ''Серпін 2050'' жобасының білім алушы студенттеріне арнайы семинар өтті
  10. ''Мәңгілік ел жастары индустрияға'' ''Серпін 2050'' жобасының білім алушы студенттеріне арнайы ''Кұнанбай'' фильмі көрсетілді
  11. «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» тақырыбында облысымыздағы жас мемлекеттік қызметкерлермен студенттердің кездесуі өтті
  12. Студенты, обучающиеся в рамках программы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін – 2050» Западно-Казахстанского государственного университета им. М. Утемисова активно провели зимние каникулы
  13. Қаңтар айының 30 күні Батыс Қазақстан облысы, «Намыс» спорт клубының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай шаңғымен көпшілік спорттық іс-шарасы өткізілді
  14. Ректорлық бал
  15. 26 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласынының бас шыршасының шамы жағылды
  16. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға»
  17. «Болашақ»
  18. «Аламан-2015»
  19. «Жалын»
  20. «Жалын» командасы бұл ойында да алға шықты
  21. 25 қазан күні университетішілік «Аламан-2015» фестивалі өтті
  22. «Серпін»
  23. «Серпін кубогі»
  24. «Студенттік қатарға қабылдау»
  25. «Серпін болашаққа бағыт»
  26. 12-13 қазан күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ Серпін жастарының кезекті студенттер қатарына қабылдау кеші өтті
  27. 11 қазан күні тарих, экономика және құқық факультеті ұйымдастырған пікір-сайыстан турнир өтті
  28. 10 қазан күні Студенттік құрылыс жасақтары сарбаздарының арасында өткізілген шағын футболдан
  29. "Студенттер күні"
  30. Областной фестиваль «Аламан»
  31. «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім алып жатырған студенттер арасында ойын-сауық сайысы
  32. «Жастар жарқын болашақ үшін!» атты акциясы
  33. «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форум
  34. «Парасат орденінің» кавалері, Ұлы Отан соғысының ардагерімен кездесу
  35. Грант иемденген студенттердің шығармашылық шыңдалу жолында ерекше бастама болатындай кастинг өтті
  36. БҚМУ №1,2 жатақхана студенттеріне арнап «ГИТАРА PARTY» ұйымдастырылды
  37. «Серпін-2050» жобасы қатысушыларымен кездесу
  38. «Есірткісіз жарқын болашақ!» атты семинар-треннинг
  39. «Серпін 2050» бағдарламасымен білім қуып келген студенттердің бас сардарын тағайындау кезекті сайлауы
  40. «Әлеуметтік желінінің ҮЗДІК қолданушысы» онлайн-сайысы
  41. «Серпін-2050» бағдарлама аясында оқуға түскен студенттерімізге тәрбиелік мәні зор «ДОРОГА ДОМОЙ» атты отандық көркем фильм көрсетілді
  42. Облыстық тарихи – өлкетану мұражайында серуендеу
  43. «Қала күні» мерекесіне байланысты шара
  44. «Білім күніне» орай ұйымдастырылған мерекелік жиын
  45. «Серпін- нұрлы болашақ жолында...» атты мәдени – көпшілік шарасы өткізілді
  46. «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен студенттермен кездесу
  47. «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша БҚМУ-ға оқуға түскен студенттермен кездесу

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla