«Серпін-2050» бағдарлама аясында оқуға түскен студенттерімізге тәрбиелік мәні зор «ДОРОГА ДОМОЙ» атты отандық көркем фильм көрсетілді
12 қыркүйек күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ Бас ғимаратының акт залында Серпін-2050 "Мәңгілік ел жастары индустрияға" атты бағдарлама аясында оқуға түскен студенттерімізге тәрбиелік мәні зор "ДОРОГА ДОМОЙ" атты отандық көркем фильм көрсетілген болатын. Фильм желісі бойынша, қаны қазақ, дегенмен, жүрегі "елім" деп соқпаған қандасымыздың тағдырынан сыр шертетін оқиғалар баяндалды. Cонымен қатар, фильмде нағыз қазақы ауыл өмірінің сюжеті бейнеленген. "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол"- деп қазақ атамыз айтқандай, ұлтжандылықтан бұрын мансабын жоғары қоятын қазіргі таңдағы кейбір жастарымыз осы фильм арқылы ойланса деген мақсатта ұйымдастырылған болатын.
«Қала күні» мерекесіне байланысты шара
Ағымдағы жылдың тамыз айының 28-нен қыркүйек айының 5 күні аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы «Қала күні» мерекесіне байланысты өткізілген шараның дайындық жұмыстарына күнделікті барып, флеш мобқа «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» бағдарламасымен грант негізінде білім алушы студенттер белсенді қатысты.
«Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен студенттермен кездесу
Тамыз айының 28 күні «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен студенттермен кездесу өткізілді. Студенттерге университет тарихымен таныстыратын бейне фильм көрсетілді. Кездесуде студенттердің ар-намыс кодексі, жатақханада тұру ережесімен таныстырылды. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері студенттік ректор Жүсіпқалиев Дулат бастаған команда университеттің белсенді өмірімен, университеттегі ұйымдармен, спорттық секциялармен, үйірмелермен таныстырды
«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша БҚМУ-ға оқуға түскен студенттермен кездесу
2015 жылы тамыз айының 18-28 күндері аралығында киілі Ақжайық өңірінде 83 жылдық тарихы бар, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне «Серпін -2050» бағдарламасы аясында грант негізіне оқуға түсікен студенттерді арнайы белсенді студенттер құралған топ күтіп алып, жатақханаға орналастыру жұмысы жүргізілді. Университ тәрбие бөлімінің жетекшісі А.С.Жақсығалиева және студенттік ректор Жүсіпқалиев Дулат бастаған жастар даму орталығының мүшелері, студенттік декандар жатақханада күнделікті кезекшілік атқарды. Талапкерлердің барлығына жаңа №2 жатақханадан орын берілді.