Біз Қазақстанның көркендеуіне атсалысамыз!

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, тәрбие бөлімінің қызметкері Ж.Т.Тапаева бастаған бір топ студент, елімізде тұңғыш рет өткелі тұрған ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесін тамашалайтын болады.  Көптен күткен көрмеге университет қабырғасында жасақталған топтардың алғашқысы болып 6 факультеттен 50 студент  барады. Студенттер жазғы сессияларын  жақсы тәмамдап, Астана қаласында өтетін көрмені тамашалауға тағатсыз күтуде.  Тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп, туған жердің топырағында, әлемдік  көрме бой көтергені әр бір студенттің көкейіне мақтаныш ұялатады. Олар Қазақстанның еңбекқор, патриот, өте қонақжай халық екенін іспен дәлелдемекші.  Астана қаласына келген күннен бастап,  шетелден келген туристерге елімізді мақтанышпен таныстырып, көрменің жоғары деңгейде өтуіне атсалыспақшы. 

Университет ұжымы көрмеге баруға бірден қолдау білдірген болатын. Ұстаздармен студенттер баратын уақытын, яғни,  бірінші топтан кейін кезегін күтуде. 

Халықаралық көрме жоғары деңгейде өтетіне сенімдіміз! Жастардың қанатына қуат бітіріп, сенім артқаны үшін,  Елбасына алғыс білдіреміз! Біз Ұлы ел -  Қазақ елінінің ұрпағы болғанымызға   мақтанамыз! 

expo 1 expo 2

  

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla