Біз еліміздің дамуына өз үлесімізді қосудамыз.

Университет студенттеріне ІІІ еңбек маусымы 2017 жылы маусым айының 1 күнінен басталды. Оқу орын бойынша  барлығы СҚЖ 4 жасақ, Жасыл елде 5 жасақ құрылды. Студенттер студенттік құрылыс жасағымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жұмысына белсенді атсалысып, қаланың құрылыс нысандарымен көгалдандыру жұмыстарына ерекше құлшыныспен іске кірісті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жастардың бойына қуат бердіп, қазіргі таңда олардың еңбек етуге деген көзқарасын өзгертіп, Елбасының идеасын жүзеге асыруға үлесін қосты. Студенттер ұжымда жұмыс жасау арқылы, еңбектің қыр-сырын, жұмысшылардың еңбегін бағалауға үйренеді.

Егерде бұрын олар ата-анасы еңбекпен тапқан ақшасынның құнын түсінбесе, ал  қазір өздері барлық күш-жігерімен  еңбек ете жүре барлық заттың қадірін түсініп, ақшаны үнемдеп үйренуде. Студенттік құрылыс жасағының студенттері қала нысандарын қалпына келтіру үшін  жұмыс атқарып жатыр. Олардың бірі - «Махамбет ұрпақтары». Жасақ командирі жаратылыстану география факультетінің 3 курс студенті Қонысбаев Абылай. Олар құрылысшы мамандығының қыр-сырын үйреніп, бетон құю, кірпіш қою, жарды майлап ысылау жұмыстары  болашақта қажет екендігін түсініп, жақсы сабақ алуда. Жасылелдіктер де көгалдандыру жұмыстарын жүргізу арқылы қала тұрғындарымен қонақтарының таза ауамен демалуға, таза қалада өмір сүруіне мүмкіндік туғызуда. Студенттер жұмыс уақытында гүл шоқтарын абаттандырып, гүлдер егілген үйме топырақтарының күтімі туралы шеберлік-кластардан өтіп, болашақта өзінің шаруашылығына қажетті өмірлік тәжірибе алуды. 

Осылай жазғы еңбек маусымы бастау алды. Еңбек семестріне жеміс тілейміз!

М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының штабы

jasil el 1 jasil el 2 jasil el 3   

 

 

 

  

                

 jasil el 4 jasil el 5

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla