«Студент - жастарының жеңісі, Тәуелсіздіктің 25 жылдығының жемісі» атты кездесу

Желтоқсан айының 8-ші жұлдызында, 85 жылдық тарихы бар Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларда жеңімпаз, жүлдегерлер атанған студенттерімен «Студент - жастарының жеңісі, Тәуелсіздіктің 25 жылдығының жемісі» атты кездесу кеші болып өтті. Кешімізді "Мәңгілік ел жастары - индустрияға" атты бағдарламамен түскен - Серпін жастарының жетекшісі Тапаева Жанерке Таулбайқызы жүргізді.

Кеш барысында Университетіміздің тәрбие жұмыс жөніндегі бөлім жетекшісі - Жаксыгалиева Альфия Сырымқожақызы білім күнінен бастау алған студенттеріміздің атқарған игі істері мен ерекше марапаттарына жан-жақты тоқталып, Тұңғыш Елбасымыздың атаулы шәкірт ақы иегерлеріне айрықша куәлікті табыс етті. Кешіміздің кейіпкерлері, жүректері жалынға толы, ойлары анық, мақсаттары айқын, әр түрлі деңгейдегі байқау конкурстардың жеңімпаздары:

2016 жылы Румынияда өткен Әлем чемпионатында жүлделі ІІІ орын, қала біріншілігінде Дзюдо күресінде ІІ орынға ие болған Нығмет Серікбай. 

ҚР Тұңғыш Президенті Қоры тағайындаған студенттік шәкіртақының жеңімпазы мәдениет және өнер факультеті,»Мәдени тынығу жұмысы» мамандығының 3курс студенті Таулина Зарина. 

Қазақстан Республикасы жастар саясатын дамыту және жастардың интелектуалдық белсенділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 15-17 қазан күндері «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ақтөбе әкімінің кубогіне» арналған «Қазақстан тәуелсіз елім менің» атты тақырыпта Батыс аймақтық пікірсайыс турнирінде ІІІ орын иемденген «Big» тобының мүшелері Мақсотов Арнұр, Махамбетов Сәбит. 

ЖОО арасында облыстық «Жаңа толқын – 2016 фестивалінде бас жүлде иемденгендер «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша «құқықтану» мамандығының І курс студенті Набиденова Гүлдана, «Көңілді тапқырлар тобы» аталымы бойынша «Махамбет ұландары, «Аспапта орындау» аталымы бойынша «Дәстүрлі өнер» мамандығының І курс студенті Лукманова Лүлмархан, «Көркем сөз» аталымы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының І курс студенті Бақытбай Нұрсұлтан, «Ең үздік жүргізуші» аталымы бойынша Орынғалиев Мейрамбек. 

2016 жылдың 22 қазанында «Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының XVI ауыспалы кубогіне арналған республикалық пікір-сайыс турниріне қазақ лигасы бойынша «Big» тобының мүшелері Мақсотов Арнұр және университет түлегі Махамбетов Сәбит, орыс лигасы бойынша «Понты» тобының мүшелері «құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Мендігалиева Диана және университет түлегі Мукашев Ермек жолдама алды. 

25 қазан күні волейболдан әйелдер командалары арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионатында жүлделі екінші орынды иемденген М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қыздар командасы. Команда құрамы: педагогика факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті Туребекова Аида, педагогика факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Губашева Диана, педагогика факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Жайымқұлова Ақнұр, педагогика факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Муртазина Руфина, педагогика факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Бустайлякова Руфина қатысып, оқу орын намысын қорғаған болатын. 

2016 жылы қараша айының 5-6 күндері аралығында өткізілген облыстық "Аламан - 2016" күзгі фестивалінде «Серпін» жастары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қыздар аралық «волейбол» турнирінен командалық есепте I орын, ұлдар аралық «баскетбол» турнирінен ІІ орын, «тоғызқұмалақ» ойыны бойынша «тарих» мамандығының І курс студенті Сәтова Ақерке III орын, І курс студенті Әбдірәсіл Дина Мадиярқызы «Үздік әлеуметтік жоба» байқауынан І орын, "Мені шыңдаған - Серпін" атты байқауда «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының І курс студенті Қасымбеков Әзірет III орын, «география» мамандығының І курс студенті Жаңбырбай Әділет Серпін-Start-up" сайысы бойынша II орын, "Менің мақтан тұтар мекендерім" байқауынан «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының І курс студенті Оразхан Бағдат I орын, "Мамандығым - мақтанышым" атты эссе байқауында Әбдіхан Айдана III орын, «бастауышта оқыту әдістемесі мен педагогикасы» мамандығының ІІІ курс студенті Жанұзақ Ақтоты Ниязбекқызы «Болашақтың мамандығы қандай?» тақырыбында өткен дебат турнирінен І орын, Ұлттық қазақ биі сайысынан II орын, Заманауи биден III орын, ұлттық аспапта орындау аталымы бойынша «тарих» мамандығының I курс студенті - Сәтова Ақерке І орын, «Жайдарман» сайысынан жүлделі I орын, «Жалынды сардары» байқауы бойынша Өнербаев Ардақ II орынды иемденіп, Бас жүлде иегерлері республикалық фестивалге жолдама алды. 

2016 жылдың 9 қараша күні Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жас Отан» жастар қанатыңың, «Жасыл ел», студенттік құрылыс жасағы облыстық штаптарының ұйымдастыруымен өткен облыстық жабылу салтанатында «Үздік командир – 2016» номинациясына университет жанынан құрылған ««Сұңқар»» студенттік құрылыс жасағының командирі Рахимов Оралхан, «Үздік жасақ– 2016» «Жалын» командасы, «Жасыл ел» жасақтарының «Үздік сарбаз - 2016» номинациясы бойынша Қырықбаев Нұрбол, «Сарбаздар» жасағының командирі Тәжмұхан Айдана иемденді, ІІІ еңбек маусымында белсене атсалысқаны үшін алғыс хат иегерлері «Ұлы дала ұландары» жасағының командирі Қонысбаев Абылай, «Үздік сарбаз - 2016», «Сұңқар» жасағының сарбаздары Дулат Жүсіпқалиев, Гумаров Жандос, Елеусін Асқар, «Ұлы дала ұландары» жасағының сарбаздары Таскайыров Самат.

1-5 қараша күндері аралығында Ақмола облысы, Степногорск қаласында өткен «Бірлігіміз жарасқан» атты ХІІ Ұлттық жастар Дельфий ойындарында «Фото өнер» аталымы бойынша «Алтын» медаль иегері Тажкуранов Мейірбек, «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша дипломант атанған Тулебекова Нағима 

2016 жылдың 26-27 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында өткізілген дебат ойындарынан І орынды иемденген қазақ лигасы бойынша «Энтерпрайз» фракциясы (Тұрсынғалиев Нұрсұлтан, Тұрлыбай Ержан) орыс лигасы бойынша І орын «Persona grata» фракциясы (Артем Бегракян, А Кужахметова) және ІІ орын «Генезис» фракциясы (Д Ахметова, Е Наурызбай) 

26 қараша күні Астана қаласында өткен "АЛАМАН" республикалық фестивалінде «Мәңгілік ел жастары индустрияға!» - «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы бойынша білім алушы студенттері республикалық деңгейде БАС жүлде иемденгендер«Жайдарман» турнирінен физика математика факультеті, «информатика» мамандығының ІІІ курс студенті Сүлеймен Оралхан, физика математика факультеті, «информатика» мамандығының ІІІ курс студенті Әбжапбар Сұлтан, жаратылыстану-география факультеті, «органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының ІІ курс студенті Оразов Темиржан, тарих, экономика және құқық факультеті, «тарих» мамандығының І курс студенті Тұрмахан Нұрдаулет, жаратылыстану-география факультеті, «география» мамандығының І курс студенті Сисенов Арман, жаратылыстану-география факультеті, «география» мамандығының І курс студенті Жаңбырбай Әділет, «Үздік әлеуметтік жоба» байқауынан филология факультеті, «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы І курс студенті Әбдірәсіл Дина, педагогика факультеті, «Болашақтың мамандығы қандай?» тақырыбында өткен дебат турнирінен «бастауышта оқыту әдістемесі мен педагогикасы» мамандығының ІІІ курс студенті Жанұзақ Ақтоты , «Менің мақтан тұтар мекендерім» байқауынан филология факультеті, «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының І курс студенті Оразхан Бағдат, «Ұлттық аспапта орындау» аталымы бойынша тарих, экономика және құқық факультеті, «тарих» мамандығының І курс студенті Сәтова Ақерке, «Волейбол» турнирінен педагогика факультеті, «бастауышта оқыту әдістемесі мен педагогикасы» мамандығының ІІІ курс студенті Алимбаева Жанат .

2016 жылдың 29 қараша күні Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жандану әлемі» қорының қолдауымен, «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы және Алматы қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін!» студент жастардың төртінші форумына бірінші кезеңнен өтіп, үздік деп танылған студенттердің ішінен бас жүлде иегері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тағайындаған арнайы грантын жеңіп алған филология факультеті, «филология: қазақ тілі» мамандығының 2 курс студенті Ғилымханов Мәрлен. Сонымен қатар, «Мен мемлекетіміздің гүлденуі үшін не істей аламын?» тақырыбындағы замансөздік шығармалар байқауында «Журналистика» факультеті тағайындаған «Болашақ» аталымы бойынша жеңімпаз атанған физика математика факультеті «математика» мамандығының 3 курс студенті Ахметжан Анар, ІҮ республикалық патриоттық форумында инновациялық жобалар байқауы бойынша «Бастапқы жоба» аталымының иегері физика математика факультеті «ақпараттық жүйелері» мамандығының ІІ курс студенті Тажкуранов Мейірбек 

Ағымдағы жылы желтоқсан айының 1 күні Астана қаласында ҚР тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған Республикалық жастар форумына қатысқан жаратылыстану-география факультеті, «биология» мамандығының 4 курс студенті Жүсіпқалиев Дулат, тарих, экономика және құқық факультеті, «Тарих» мамандығыны 2 курс студенті Өнербаев Ардақ  - жана білген, жалындай білген, Университетіміздің атағын асқақтатар студенттеріміздін орны айрықша. Бірлігі бекем, жалынды жастар - еліміздің ертеңі. Біз осындай белсенді студенттерімізбен мақтанамыз.

12-35 12-36 12-37

 

БӨЛІСУ

Submit to DeliciousSubmit to DiggSubmit to FacebookSubmit to Google BookmarksSubmit to StumbleuponSubmit to TechnoratiSubmit to TwitterSubmit to LinkedInSubmit to BobrdobrSubmit to LiveinternetSubmit to LivejournalSubmit to MoymirSubmit to OdnoklassnikiSubmit to VkcomSubmit to Yaru

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla