"Брейн ринг" танымдық-зияткерлік сайысы

Желтоқсан айының 2-ші жұлдызында Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Серпін life" жобасының кезекті бір кезеңі "Брейн ринг" танымдық-зияткерлік сайысы өткізілді. Бұл сайысты Н.Ə.Назарбаев атындағы шәкіртақы иегері Қошан Гүлдана жүргізді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бұл сайыстың басқа сайыстардан өзгешелігі ұйымдастырушылар тарапынан да бір жұмбақ команда қатысқандығы еді. Сайыс барысында қатысушылар жан-жақты шыңдалып, өздерінің білімдерін көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша ең жоғары ұпаймен "Мадагаскар"тобы 25 ұпай, "Вулкан" тобы 21 ұпай, "Сұңқар"тобы 19 ұпай, "Бөрілі байрақ" тобы 17 ұпай, "25"тобы 15 ұпай жинады.

12-32 12-33 12-34

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla