"АЛАМАН" республикалық фестивалі

"Тəуелсіз елдің ұландарын,

Серпіндердің қырандарын,

Қарсы ал Астана

Ақжайықтың жалынды жастарын"-атты ұранмен университетіміздің Серпін жастары 26 қараша күні Астана қаласында өткен "АЛАМАН" республикалық фестиваліне қатысқан болатын. Алғаш рет ұйымдастырылған республикалық фестиваль өз деңгейінде өте керемет өтті. Мəңгілік елдің жалынды жастары ел ордадағы көркем ғимараттарға саяхат жасады. Әр өңірдің басын Елордамыз Астананың төріне қосып, өнер мен білімнің шыңдарына шыққан тәуелсіз елдің ұландарының бір арнаға тоғыстырған күн болды.

Шара нәтижесінде «Мәңгілік ел жастары индустрияға!» - «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы бойынша білім алушы студенттері физика математика факультеті, «информатика» мамандығының ІІІ курс студенті Сүлеймен Оралхан Исатайұлы, физика математика факультеті, «информатика» мамандығының ІІІ курс студенті Әбжапбар Сұлтан Төребекұлы, жаратылыстану-география факультеті, «органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының ІІ курс студенті Оразов Темиржан Абдукалыкуглы, тарих, экономика және құқық факультеті, «тарих» мамандығының І курс студенті  Тұрмахан Нұрдаулет Жарқынұлы, жаратылыстану-география факультеті, «география» мамандығының І курс студенті Сисенов Арман Аскарович, жаратылыстану-география факультеті, «география» мамандығының І курс студенті  Жаңбырбай Әділет Ғалымжанұлы «Жайдарман» турнирінен,  филология факультеті, «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы І курс студенті Әбдірәсіл Дина Мадиярқызы «Үздік әлеуметтік жоба» байқауынан, педагогика факультеті, «бастауышта оқыту әдістемесі мен педагогикасы» мамандығының ІІІ курс студенті Жанұзақ Ақтоты   Ниязбекқызы «Болашақтың мамандығы қандай?» тақырыбында өткен дебат турнирінен, филология факультеті, «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының І курс студенті Оразхан Бағдат Бекбергенқызы «Менің мақтан тұтар мекендерім» байқауынан, тарих, экономика және құқық факультеті, «тарих» мамандығының І курс студенті Сәтова Ақерке Қайратқызы «Ұлттық аспапта орындау» аталымы бойынша, педагогика факультеті, «бастауышта оқыту әдістемесі мен педагогикасы» мамандығының ІІІ курс студенті Алимбаева Жанат Наваиқызы «Волейбол» турнирінен республикалық деңгейде БАС жүлделерді иемденіп, оқу орын «Серпін» жастарының    мерейін үстем етті.

12-21 12-22 12-23 12-24

 

БӨЛІСУ

Submit to DeliciousSubmit to DiggSubmit to FacebookSubmit to Google BookmarksSubmit to StumbleuponSubmit to TechnoratiSubmit to TwitterSubmit to LinkedInSubmit to BobrdobrSubmit to LiveinternetSubmit to LivejournalSubmit to MoymirSubmit to OdnoklassnikiSubmit to VkcomSubmit to Yaru

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla