Қыздарға серпін берген дәріс

Қыркүйек айының 23 күні  оқу орнымызда белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева студенттерімізге арнап дәріс өткізді. Ақын тағылымды да өнегелі мол мұрасын студент жастарға насихаттау, жастардың назарын қазақ поэзиясына аудару, ақын шығармалары арқылы адам құндылықтар мен адамгершілік қағидаларын студенттер бойына сіңіру мақсатында өткен дәрісте ақынның "Анаға","Ақ Жайыққа" арнап жазылған өлеңдері оқылып, бойжеткендермен сырласып, ақын шығармашылығының сан қыры сөз болды.

serpin sept 10 serpin sept 11 serpin sept 15

Дәрісте ақиық ақынымыз: «Айналайын қыздарым! Сіздер үлкен жауапкершілікті арқалаған ертеңгі күннің ұстазы, бала тәрбиешісі, ұрпақ тәрбиешілерісіздер. Ұстаз болудан артық бақыт жоқ бұл дүниеде. Ұстаз атты ұлық есімге лайықты болыңдар», деп атап өтіп, жерін, Отанын сүюге, еліне қызмет етуге шақырды. Дәріске «Серпін» жастары  қатысып, ерекше әсер алып қайтты.

БӨЛІСУ

Submit to DeliciousSubmit to DiggSubmit to FacebookSubmit to Google BookmarksSubmit to StumbleuponSubmit to TechnoratiSubmit to TwitterSubmit to LinkedInSubmit to BobrdobrSubmit to LiveinternetSubmit to LivejournalSubmit to MoymirSubmit to OdnoklassnikiSubmit to VkcomSubmit to Yaru

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla