Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

Қыркүйек айының 22 күні «Тіл - рухани жан дүние » атты 10 күндік аясында университетімізде көптеген іс-шаралар өтілуде. Қыркүйектің жиырма бірінші жұлдызында университетімізде «Көп тіл білу мін емес » атты мерекелік іс-шара болып өтті. Бұл кештің көрермендері қатарында Серпін жастары,соның ішінде филология факультеті шет тілі : екі шет тілі мамандығының студенттері болды. Тіл- өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем екендігін ұғынып, өте керемет әсер алды.

serpin sept 13 serpin sept 14 serpin sept 5 serpin sept 6

Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ, - демекші тіл туралы іс –шаралардың жалғасы ретінде  «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – деген даналық сөзді басшылыққа алып, қыркүйектің жиырма үшінші жұлдызында филология факультеті шет тілі : екі шет тілі мамандығының 2-курс студенттері « Тіл мәртебесін ұлықтайық » атты мерекелік іс шараны жоғары деңгейде атап өтті. Студенттер қатарында Серпін жастары белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салды. Шарада қазақи ән -күй, ағылшын тілінде көрініс және де үш тілде өлеңдер оқылды.

Ана тілің - арың бұл, 

Ұятың боп тұр бетте. 

Өзге тілдің бәрін біл, 

Өз тіліңді кұрметте,- деп Қадыр Мырзалиев атамыз айтқандай өзге тілді біліп меңгерейік, бірақ өз тіліміздің қадірін жоғалтпайық!

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla