«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім алып жатырған студенттер арасында ойын-сауық сайысы

1«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында 

білім алып жатырған студенттер арасында «Студенттік өмір – игі өмірдің бастауы» атты ойын-сауық сайысының

ЕСЕБІ

Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырғаны қақ. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол – 17-қараша – халықаралық студенттер күні!

Осынау атаулы күнге орай 18 қараша күні, №1 ЖОББМ спорт залында облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім алып жатырған студенттер арасында «Студенттік өмір – игі өмірдің бастауы» атты ойын-сауық сайысын ұйымдастырған болатын. Шараның мақсаты, республикамыздың түкпір – түкпірінен келіп, қаламыздағы жоғарғы және арнаулы оқу орындарында білім алып жүрген студент жастарға мерекелік көңіл күй сыйлау, салауатты өмір салтына баулу, ұлттық патриотизмді насихаттау болып табылады. Сайыс 6 кезеңнен тұрды.

1. «Таныстыру» сайысы

2. Инстаграм көзайымы

3. «Өнерлі студент» 

4. «Мергендер» сайысы

5. «Кім епті» ойыны

6.  «Кім тапқыр» сайысы

Сайысқа 6 топ қатысқан болатын. Ең алғаш болып өнер көрсеткен  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 1-курс «Серпін» жастарынан құралған «Бастау» тобы, ерекше кейіпте өздерін таныстырса, университеттен 2-курстардан құралған екінші «Махамбет ұрпақтары» вальс биімен бастап, кейін үнді биін көрермендерге паш етті. Барлық кезеңдерде үздік атанып, әділқазылар алқасының шешімімен 1-орынды «Махамбет ұрпақтары», 3-орынды «Бастау» тобы иемденді. «Инстаграм көзайымы» аталымын  М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері барлық топтан оқ бойы оза шауып, үлкен басымдықпен жеңіске жеткен болатын.

2

«Серпін» жастары                                             

3

 Сайысқа қатысушылар

4

«Кім тапқыр» сайысы А.Онгарбаева

 5

«Махамбет ұрпақтары», «Бастау» тобының мүшелері

 6

«Серпін» жастарының селфиі

7 

«Кім тапқыр» сайысы Е.Сейсен

 8  9
 «Кім епті» сайысының қызықты сәттері 

 10

«Таныстыру» кезеңі А.Онгарбаева, 

 11

«Кім епті» кезеңі О.Сүлеймен

 12  13
  «Өнерлі студент» кезеңі «Бастау» тобы
 14  15
  «Өнерлі студент» кезеңі «Махамбет ұрпақтары» тобы
 16  17
 18  19
  «Бастау» тобының өнер көрсету сәті
 20  21
  Ең үздік команда «Махамбет ұрпақтары» О.Сүлеймен
 22  23
 24  25
  «Инстаграм көзайымы» аталымының жеңімпаздары М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерінен құралған команда «Бастау» (Рубилова Айдана, Сейсен Ермек), «Махамбет ұрпақтары» (Онгарбаева Аяулым, Сүлеймен Оралхан) 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla