«Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форум

15-10-5723 қыркүйек күні Елбасымыз "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында: "Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын",- деген болатын. Тәуелсіздікті баянды етіп, Мәңгілік Ел мұраттарына жету үшін бірлігіміз бен ынтымағымызға селкеу түсірмей, көздің қарашығындай сақтау басты парызымыз. Серпін жастары бүгін Қ.Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында өткен "Ырыс алды - ынтымақ" қоғамдық форумына белсене ат салысты. Жалынды жастарға маңызды бірнеше баяндамалар оқылған болатын. "Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жыл" тақырыбын БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының басшысы Ғайса Хамедуллаұлы Қапақов баяндады.

Сонымен қатар, "Әлеуметтік жаңғыртылуы мұраттарына сәйкес ақсақалдықтың абырой- беделін биіктету- уақыт талабы" тақырыбын 5517 әскери бөлімі жанында қызмет істеп жатырған Халық мәдениет университетінің ректоры Шамиль Үмбетович Мендығалиев және Ганди Ізтұрғанқызы Шамкелова студенттерге "Отбасы құндылықтары және жас ұрпақ тәрбиесі" тақырыбында ой саларлықтай баяндамаларын оқыды. Мемлекеттілікті нығайту үшін жас ұрпаққа "Дін және жастар" тақырыбын БҚО дін істері басқармасының бөлім басшысы Саялбек Махамбетұлы Ғизатов түсіндірмелі түрде баяндады. Форум соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. 

15-10-58 15-10-59

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla