«Есірткісіз жарқын болашақ!» атты семинар-треннинг

15-10-35 500x374Университет студенттері үшін қыркүйек айының 19 күні ерекше пайдалы кеңестерге толы күн болды. Себебі, бас ғимаратымыздың акт залында 1-2 курс студенттері,  «Серпін» жастарына салауатты өмір салтын ұстану мақсатында "Есірткісіз жарқын болашақ!" атты семинар-треннинг өткізілді. Бұл жиналысқа БҚО Ішкі саясат басқармасының маманы Құрманиязова Гүлден Талапқызы, БҚО жастар ресурстық орталығы бөлім басшысы Уәлиахмет Данияр Аманқосұлы, БҚО Ішкі істер департаменті "Есірткіге қарсы" бөлімше басшысы Жәнібек Берік Аманғалиұлы, "БҚО жастар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Сатыбалдиев Мерке Биғалиұлы сынды облысымызға белгілі тұлғалар қонаққа шақырылды.

Бұл қонақтар өз баяндамаларында елбасымыздың "Қазақстан 2050" жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі "Салауатты өмір сүру, оны насихаттау" мəселелерін алға тарта отырып, жалынды жастарды зиянды əдеттерден аулақ болып, нағыз білімді, сұранысқа ие маман болуға шақырды.

15-10-36 500x276 15-10-37 500x371 15-10-38 500x283 15-10-39 500x380

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla