«Серпін 2050» бағдарламасымен білім қуып келген студенттердің бас сардарын тағайындау кезекті сайлауы

15-10-31Қыркүйек айының 18 жұлдызы, бас ғимарат акт залында "Серпін 2050" "Мәңгілік ел жастары - индустрияға" бағдарламасымен киелі қара шаңырағымызға білім қуып келген студенттердің бас сардарын тағайындау мақсатында кезекті сайлау болып өтті. Сайлауға "Серпін" бағдарламасымен оқып жатқан "Химия" мамандығының 2 курс студенті Мұзаппар Нұржан жəне "Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету" мамандығының 1 курс студенті Алданиязов Еркебұлан өз кандидатурасын ұсынып, баяндама оқыды. Нәтижесінде 231 дауыспен Мұзаппар Нұржан жеңіске жетіп, Серпін "бас сардары" атанды. Келгеніне аз уақыт болса да өзіне артылған сенімді жауапкершілікпен атқаратынын дәлелдеп үлгерген Еркебұланға 98 серпіндік дауыс берді. 

 15-10-29 15-10-30 15-10-32 15-10-33 15-10-34

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla