«Серпін- нұрлы болашақ жолында...» атты мәдени – көпшілік шарасы өткізілді

15-10-4 500x282Ағымдағы жылдың тамыз айының 29 күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» бағдарламасымен бюджет негізінде білім алушы студенттердің «Серпін- нұрлы болашақ жолында...» атты мәдени – көпшілік шарасы өткізілді.

  

 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ жастар даму орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шараның мақсаты: Студенттердің патриоттық сезімін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, студенттерге жан-жақты қолдау көрсету, талмай еңбек етуге үйрету, белсенді жастарды ынталандыру, салауатты өмір салтын кең насихаттау, студенттерді Орал қаласының көрнекі жерлерімен тарихи мұражайларын аралатып, өз тарихын білудегі танымдық қасиеттерін қалыптастыру бағытында елжандылыққа баулу, студент-жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Таңғы жаттығумен басталған шара психологиялық тренингтермен және эстафеталық жарыстармен жалғасын тапты. Қатысушылар 6 топқа бөлініп, спорттық және психологиялық бағыттағы тренингтерге қатысып, өздерінің белсенді қырынан танытты.

15-10-5 500x294 15-10-6 500x374

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla